Сөз кейде қылыштан өткір, кесіп түседі. Сөз кейде мақтадан жұмсақ, жаныңа жылы тиеді. Сиқырлы сөзге иланып қаласың. Суық сөз естіп қиналып қаласың. Ілмектер: сөз, адам, нақыл Әкім Ысқақ Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сөз кейде қылыштан өткір, кесіп түседі. Сөз кейде мақтадан жұмсақ, жаныңа жылы тиеді. Сиқырлы сөзге иланып қаласың. Суық сөз естіп қиналып қаласың.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ. — Назым Хикмет Ран жастар, жастар туралы нақыл сөз
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады. — Мұхтар Әуезов ит, адам
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын. — Абай Құнанбайұлы жұмыс, тамақ
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сөз, әдет
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. — Мұхтар Әуезов дәуір, тіл
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі