Мінез – жанның айнасы. Ілмектер: мінез, жан, нақыл, афоризм Әл – Фараби Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мінез – жанның айнасы.
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сөз, әдет
Үлкен-кіші адамнан иба кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті, Мінез-құлық бұзатын әдет жетті, Бұл не деген заман болды, достар?! — Қожа Ахмет Йассауи заман, мінез
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. — Әлихан Бөкейханов қызмет, ұлт
• Ердің туы – намыс. • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. • Ердің Еділ тобығынан келмейді. • Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың • Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. • Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың, Өлтірмесең – өлімге тұтылдың. • Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін. • Қырағының өзі де, көзі де батыр. • Ерлік – елеусіз қалмас. • Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. • Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты. • Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. • Ежелден ел тілегі – ер тірегі, Адал ұл ер боп туса – ел тілегі. • Екі сырттан қанға батып таласса, Қарақұсқа жем болады. • Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық. • Командир – аға, солдат – іні. • Айқаймен ала алмайсың, Ақылмен, айламен алғын. • Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі. • Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді. • Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі. • Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір, Өршеленген жаудың үнін өшір. • Сабырлылық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады. • Ер бақыты – ел қолында, Ел бақыты – ерлер қолында. • Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді, Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді. • Қорқақ – қаққа шөгіп өледі. • Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. • Әдіссіздік – әлсіздік, Ептілік те - ерлік. • Қара бет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық! • Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер. — Бауыржан Момышұлы нақыл сөздер, Бауыржан Момышұлы
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. — Абай Құнанбайұлы ақыл, ғылым
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. — Әл – Фараби ақыл, мінез
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. — Абай Құнанбайұлы ғылым, ақыл
Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. — Абай Құнанбайұлы адам, мінез
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі