Үйлену — өз құқыңды екі есе азайтып, міндетіңді екі есе арттыру деген сөз. Ілмектер: үйлену, құқық, міндет Артур Шопенгауэр Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Үйлену — өз құқыңды екі есе азайтып, міндетіңді екі есе арттыру деген сөз.
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын. — Мұстафа Шоқай ұлт, рух
Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді. — Әзілхан Нұршайықов өмір, жанұя
Еркіндік – жалған сөйлемеу құқығы. — Альберт Камю еркіндік, құқық
Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс. — Бернард Шоу отбасы, міндет
Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың. — Сократ әйел, бақыт
Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей. — Антон Чехов махаббат, үйлену
Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің тілің үкімет тілі болып отыр. Сол үкіметтің толық құқықты нағыз мүшесі болып отырсың. Қазақтың келесі буындарының алдында өздеріңе қара деген таңба қалдырма! — Мәннан Тұрғанбаев қазақ, құқық
Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу. — Наполеон Бонапарт қоғам, әйел
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі