Біреуге бал беремін деп , өзің у ішіп қалудан сақтан ! Ілмектер: нақыл сөз Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Біреуге бал беремін деп , өзің у ішіп қалудан сақтан !
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ. — Назым Хикмет Ран жастар, жастар туралы нақыл сөз
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Әлемде көргің келген өзгеріс бол. Be the change you wish to see in the world. — Махатма Ганди Өзгерісті Өзіңнен Баста, Әлемді Өзгерту
• Ердің туы – намыс. • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. • Ердің Еділ тобығынан келмейді. • Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың • Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. • Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың, Өлтірмесең – өлімге тұтылдың. • Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін. • Қырағының өзі де, көзі де батыр. • Ерлік – елеусіз қалмас. • Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. • Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты. • Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. • Ежелден ел тілегі – ер тірегі, Адал ұл ер боп туса – ел тілегі. • Екі сырттан қанға батып таласса, Қарақұсқа жем болады. • Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық. • Командир – аға, солдат – іні. • Айқаймен ала алмайсың, Ақылмен, айламен алғын. • Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі. • Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді. • Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі. • Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір, Өршеленген жаудың үнін өшір. • Сабырлылық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады. • Ер бақыты – ел қолында, Ел бақыты – ерлер қолында. • Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді, Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді. • Қорқақ – қаққа шөгіп өледі. • Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. • Әдіссіздік – әлсіздік, Ептілік те - ерлік. • Қара бет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық! • Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер. — Бауыржан Момышұлы нақыл сөздер, Бауыржан Момышұлы
Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен жаны сұлу болу керек. Сырты сұлу көз сусынын қандырғанмен, жаны жақсы болмаса, жан сусынын қандыра алмайды. — Сəкен Сейфуллин адам туралы нақыл сөздер
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. — Ахмет Байтұрсынұлы білім, білім туралы нақыл сөз
Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы ғылым туралы нақыл сөз, кітап туралы нақыл сөз
Хабарлама
INFO
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі