Қараңғыда жалғыз қалмассың, жарықты іштей жаға алсаң, бақытсыз болып қалмассың, бақытты іштей баға алсаң. Ілмектер: қараңғы, жарық, жалғыздық, бақыт Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қараңғыда жалғыз қалмассың, жарықты іштей жаға алсаң, бақытсыз болып қалмассың, бақытты іштей баға алсаң.
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. — Міржақып Дулатұлы қазақ, оян қазақ
Егер жанып, жарық түсiруге шамаң жетпесе, ең болмаса оны қалқалама. — Лев Толстой жарық, бөгет болмау
Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты, Өткiзбей қараңғыда бекер жасты. Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп, Қазағым ендi жату жарамас-ты. — Міржақып Дулатұлы оян, қазақ
Парасат — қараңғыдағы шырақ. — Жүсіп Баласағұни парасат, шырақ
Тіліңді жоғалту, су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет. — Жалау Мыңбаев тіл, қараңғы
Адамға адам, сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады. — Ғабит Мүсірепов адам, сөз
Жүзіңізді жарқыраған күнге қаратыңыз, көлеңкені көре алмайсыз. — Хелен Адамс Келлер жүз, жарық
Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кiсенiнен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы - қараңғылық пен сол қараңғылық кiндiгiн кескен надандық деп бiлiңiз. Шен мен шекпен қуған бiлiмдi бола ма? Ондай жан өзiнен басқа өзгенiң де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтiн, шапағаты тимейтiн бiлiмнiң керегi бар ма? — Абай Құнанбайұлы Қараңғылық, надандық
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі