Тұғыр — күші жеткенше, Арғымақ — демі біткенше. Ілмектер: тұғыр, арғымақ, күш, дем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Тұғыр — күші жеткенше, Арғымақ — демі біткенше.
Арғымақ атқа көп міндім — садаға кетсін буданнан, Азаматқа көп ердім — садаға кетсін туғаннан. — Шалкиіз Тіленшіұлы арғымақ, садаға
Арту-арту бел келсе — атан тартар бүгіліп, Алыстан қара көрінсе — арғымақ шабар тігіліп. Алыстан жанжал сөз келсе — азулы сөйлер жүгініп. — Бұқар жырау арғымақ, жанжал
Арғымағын жоғалтып, тай жүгірткен заман-ай. — Бұқар жырау арғымақ, тай
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі