Біліп айтқан сөз білікті саналар, Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар! Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Біліп айтқан сөз білікті саналар, Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар!
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ. — Назым Хикмет Ран жастар, жастар туралы нақыл сөз
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сөз, әдет
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі