Айуанның ұясын жыртқыш, адамның ұясын азғын бұзады. Ілмектер: Айуан, ұя, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам, жыртқыш Ғабиден Мұстафин Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Айуанның ұясын жыртқыш, адамның ұясын азғын бұзады.
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі! — Төле би Әлібекұлы ата, ұл
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың. — Абай Құнанбайұлы еңбек, хайуан
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Адам боп туу – анадан, Айуан боп кету – өзіңнен! — Қадыр Мырза Әли адам, туу
Егер заң арқылы басқарсаң, жазалау арқылы реттесең, халық аяғын тартады, бірақ ұятты сезінбейді. Егер ізгілік арқылы басқарсаң, оны дәстүрге айналдырсаң, халық ұялып қана қоймайды, көндігуге тырысады. — Конфуций заң, басқару
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкiм қалап. Терең ой, терең ғылым iздемейдi, Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап. — Абай Құнанбайұлы Ынсап, ұят
Хабарлама
INFO
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі