Мағына — қашан да қос мағыналы. Ілмектер: мағына Жиль Делез Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мағына — қашан да қос мағыналы.
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана. — Нарша Булгакбаев Адам, мәселе
Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығарма тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы. — Мұхтар Әуезов мақал, Мақал-мәтел
Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды. — Харуки Мураками қателік, өмір
Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына. — Марк Твен афоризм, қасиет
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Адамның бет келбеті оның аузына қарағанда әлдеқайда көп шындықты айтады. Маңыздысы, ауыз адамның идеясын айтса, бет пішіні оның идеясының мән-мағынасын айтады. — Артур Шопенгауэр адам, келбет
Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік. — Артур Шопенгауэр өмір, мағына
Кiтаптардан көп нәрсенi бiлген адам — ғалым, өз уақытында ең көп тараған бiлiм мен әдiстердiң бәрiн үйренген адам — бiлiмдi, өз өмiрiнiң мағынасын түсiнген адам — iзгi. — Лев Толстой кітап, ғалым
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі