Өтіріктің өлімі жақын, Шындықтың шыңы биік. Ілмектер: өтірік, өлім, шындық, шың, биік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жәди Шәкенұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өтіріктің өлімі жақын, Шындықтың шыңы биік.
Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі. — Жиренше шешен өтірік, шындық
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан. — Абай Құнанбайұлы өлім, нақыл
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық. — Бауыржан Момышұлы өтірік, шындық
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Өлгендер қайтып келмейді, Шыққан жан қайтып енбейді. — Қорқыт ата өлім, жан
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен, Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен. Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенге боласың тең. — Абай Құнанбайұлы өмір, махаббат
Өгiздi өрге салма — қанатың талар, Наданға көзiңдi салма — сағың сынар. Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер. Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер. — Төле би Әлібекұлы надан, дос
Хабарлама
INFO
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі