Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ілмектер: әділдік, адалдық, адам Шоқан Уәлиханов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
Әділ сөйлеп, адал жүр. — Қожа Ахмет Йассауи әділдік, сөз
Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. — Әл – Фараби адалдық
Адал жүріп, адал тұр. — Абай Құнанбайұлы адалдық
Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі – ел бастар. — Жамбыл Жабаев ел, сөз
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. — Би-шешендер әділ, әділдік
Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды. — Әлихан Бөкейханов әділдік, әділ
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би: Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала. Өзіңе-өзің кәміл бол. — Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол! — Төле би Әлібекұлы бата, дос
Аспан ашық болса, Күн шуақты болады. Хан әділ болса, Халық ынтымақты болады. — Майқы би күн, әділ
Хабарлама
INFO
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі