Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп-өркендеуі үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек. Ілмектер: тәуелсіздік, ұлт, бірлік Нұрсұлтан Назарбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп-өркендеуі үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек.
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын, Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын! — Міржақып Дулатұлы тәуелсіздік, алаш
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. — Әлихан Бөкейханов қызмет, ұлт
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. — Бауыржан Момышұлы ұлт, сатқындық
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз. — Мұхтар Әуезов ұл, қыз
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. — Мағжан Жұмабаев ұлт, тіл
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі