Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. Ілмектер: оқытушы, мұғалім, ұстаз, адамгершілік, әділет Спандияр Көбеев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. — Ахмет Байтұрсынұлы мектеп, мұғалім
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады — Уильям Уорд мұғалім, шабыт
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. — Ыбырай Алтынсарин жақсы, мұғалім
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі. — Ыбырай Алтынсарин мұғалім, мектеп
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады — Константин Ушинский Мұғалім, білім алу
Қайратсыз ашу-тұл, Тұрлаусыз ғашық-тұл. Шәкіртсіз ғалым-тұл. — Абай Құнанбайұлы ғашық, шәкірт
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. — Әл – Фараби ұстаз, Мұғалім
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі