Мақал-мәтелдер жинағы

Кейде қысқа ғана бір мақал мәтел ұзақ ақылдан да әсерлі болады. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған даналығы мақал мәтелдер арқылы бүгінге жеткен. Бұл бөлімде өмірдің түрлі жағдайларына қатысты терең мағыналы мәтелдер мен тәрбиелік мәні зор халық сөздері топтастырылған.

Егер сіз қазақша мақал мәтелдер, сабаққа немесе өмірде қолдануға ыңғайлы мақал мәтелдер жинағы іздесеңіз, осы беттен таба аласыз. Мұнда түсінікті, есте сақтауға жеңіл мақал-мәтелдер тұрақты түрде толықтырылып, бөлім жаңарып отырады, сондықтан жаңа үлгілер үнемі қосылып тұрады.

Ақылы асса, аға тұт,
Әкімшілігі асса, пана тұт.

Ілмектер: ақыл, аға, пана
WhatsApp Telegram

Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.

Ілмектер: ақылды, басшы, ел
WhatsApp Telegram

Ақылға байлық — тозбас байлық.

Ілмектер: ақыл, байлық
WhatsApp Telegram

Ақылды көрші — төрің.
Ақымақ көрші — көрің.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ
WhatsApp Telegram

Ақылды көршің — саяң,
Ақымақ көрші — шаян.

Ілмектер: көрші, ақылды, ақымақ
WhatsApp Telegram

Айырылмас қоңсыға ауыр сөз айтпа.

Ілмектер: көрші
WhatsApp Telegram

Ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық
WhatsApp Telegram

Азды көпке қосқан сауап.

Ілмектер: сауап, аз, көп
WhatsApp Telegram

Аздың ашпыз дегеніне нанба,
Көптің тоқпыз дегеніне нанба.

Ілмектер: аз, көп, тоқ, аш
WhatsApp Telegram

Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.

Ілмектер: Ел, Халық, аз, көп
WhatsApp Telegram

Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің.

Ілмектер: көп, аз
WhatsApp Telegram

Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық
WhatsApp Telegram

Адассаң, еліңмен адас.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық
WhatsApp Telegram

Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық
WhatsApp Telegram

Айырылған болсаң еліңнен,
Қуатың кетер беліңнен.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық, қуат
WhatsApp Telegram

Айырылған ел азады,
Қосылған ел озады.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық
WhatsApp Telegram

Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.

Ілмектер: жер, жұрт, бұлт, Атамекен, Ел, Халық
WhatsApp Telegram

Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.

Ілмектер: туған жер, Атамекен, Ел, Халық
WhatsApp Telegram

Абыройды ақ отау жапты.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық, абырой
WhatsApp Telegram

Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.

Ілмектер: ер, ел, бақыт
WhatsApp Telegram

Кірпі ініне кіргенше ғана дос.

Ілмектер: Жоңғар мақалы
WhatsApp Telegram

Тауда туған құлынның екі көзі таста болады.

Ілмектер: туған жер
WhatsApp Telegram

Өзіңе сен өзіңнің күшіңе сен.

Ілмектер: өз күшім
WhatsApp Telegram

Мақал - мәтел: Ит
1) Ит - ырыс.
2) Ит - адамның құлағы.
3) Ит - опа, қатын - жапа.
4) Ит ұяласын аңсайды.
5) Ит ұяласынан қорықпайды.
6) Ит те бойдағында керіледі.
7) Ит тұмсығы жерде жатпас.
8) Ит төлеуі - бір күшік.
9) Ит үреді, керуен көшеді.
10) Ит жеген ішінен таусылар.

Мақал - Мәтел: Төрт түлік (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)
1) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
2) Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.
3) Мал – баланың шашуы.
4) «Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты.
5) Семіздікті қой ғана көтереді.
6) Бір биеден ала да, құла да туады.
7) Саулықтың жасы үлкен,
Қошқардың басы үлкен.
8) Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.
9) Жылқы еті: «Тісіңе кіремін, тісіңе кірмесем түсіңе кіремін»
10) Байтал шауып бәйге алмас.

Мақал - Мәтел: Ас, тамақ туралы
1) Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
2) Ас – адамның арқауы.
3) Нан— тамақтыңатасы
Ынтымақ — көптің батасы.
4) Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
5) Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.
6) Қайғысыз, қара суға семіреді.
7) Сіңбес астың бөгеуі жаман.
8) Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды.
9) Ет — етке, сорпа — бетке.
10) Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінеді.

Мақал - мәтел: O
1) Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
2) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
3) Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
4) Отан отбасынан басталады.
5) Отан қадіріне жетпеген
өз қадіріне жетпейді.
6) Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
7) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
8) Опасызда oтан жоқ.
9) Отан — отбасынан басталады.
10) Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Мақал - мәтел: A
1) Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
2) Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
3) Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
4) Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
5) Алтын алма, білім ал.
6) Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
7) Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін,
Ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.
8) Ағайын тату болса ат көп болар,
Абысын тату болса ас көп болар.
9) Ағаның үйі - ақ жайлау.
10) Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.

Мақал - мәтел: Б
1) Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет.
Байлық, байлық емес, бірлік байлық.
2) Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.
3) Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
4) Бірлік бар жерде - тірлік бар.
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
5) Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
6) Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
7) Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
8) Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
9) Білім - ер азығы,
Ер - ел азығы.
10) Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

Мақал - мәтел: Е
1) Еңбек ептілікті сүйеді.
2) Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
3) Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
Еңбек қылмай ер оңбас,
4) Бірлік қылмай ел оңбас.
5) Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
6) Еріншектің ертеңі бітпес.
7) Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
8) Ер қанаты — ат.
9) Ер қартайса, қазаншы болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
10) Ерегісте ер өлер,
Екі батыр егессе,
Екеуінің бірі өлер.

Мақал - мәтел: Ж
1) Жаманға ошақтың үш бұты,
Үш айлық жол.
2) Жапа шегіп, жай жату
Жасықтықтың белгісі,
Ерте жатып, кеш тұру
Пасықтықтың белгісі.
3) Жаман өзен өткел бермес,
Жаман кісі көпке ермес.
4) Жаманның ойыны жаман
Шошқаның мойыны жаман.
5) Жаманның аттан құлағаны да жаман.
6) Жаман адам өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.
7) Жаман өкпелеймін деп
Сыбағасынан құр қалады.
8) Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.
9) Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырақтағаны келеді.
10) Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар.
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.

Мақал - мәтел: Ө
1) Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Елге сыймас кер жаман,
Егінсіз болса жер жаман.
2) Өлімнен ұят күшті.
3) Өз елінің иті де қадірлі.
4) Өз елім, өлең төсегім.
5) Өз елінде көртышқан да батыр.
6) Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер.
7) Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.

Мақал - мәтел: Қ
1) Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.
2) Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа.
3) Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.
4) Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
5) Қарға қарғаның көзін шұқымас.
6) Қаршығалыға қоян кездеспейді,
7) Жарақтыға жау жолықпайды.
8) Құс баласы қырымға қарайды.
Қаршыға ілген қазға сын.
9) Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.
10) Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Мақал - мәтел: Ш
1) Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.
2) Шебердің қолы көпке ортақ.
3) Шеберлікке шек жоқ.
4) Шашу – оңай, жинау - қиын.

Мақал - мәтел: М
1) Малды тапқанға бақтыр,
Отанды алғанға жақтыр.
2) Мал ашуы - жан ашуы.
3) Мал бітпес, деп ерден түңілме,
Шөп бітпес деп жерден түңілме.
4) Мал жисаң қоңысын тап,
Ас жисаң ыдысын тап.
5) Малды баға біл, бабын таба біл.
6) Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер.
7) Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде.
8) Мал аяған аттан құр,
Төл аяған ақтан құр.
9) Мал жаным садағасы,
10) Жан арымның садағасы.
11) Мал баққанға бітеді.
Малы бардың назы бар.
12) Мал бітпеген малдан үміткер,
Жаны шықпаған жаннан үміткер.

Мақал - мәтел: Т
1) Тымырсық болса, ер оңбас,
Тонға жатса мал оңбас.
2) Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
3) Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
4) Тіл ақылдың - өлшемі.
5) Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
6) Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.
Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
7) Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8) Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
9) Тіл - достықтың алтын көпірі.
10) Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Мақал - мәтел: Ұ
1) Ұлттың қуаты – тілінде.
2) Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.
3) Ұстаны соққан пышағынан танисың.

Ілмектер: Мақал-мәтел
WhatsApp Telegram

Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.

Ілмектер: жел, шөп
WhatsApp Telegram

Кітап ғылым — тілсіз мұғалім.

Ілмектер: кітап, ғылым, мұғалім
WhatsApp Telegram

Көзі жоқ құлағы саудың — ақылы толар,
Құлағы жоқ көзі саудың — ақылы солар.

Ілмектер: ақыл, құлақ, көз
WhatsApp Telegram

Әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды.

Ілмектер: Испан мақалы, жәрмеңке, бағалау Испан мақалы
WhatsApp Telegram

Ар намыстың пəктігі -
Жан дүниенің шаттығы

Ілмектер: нақыл, намыс
WhatsApp Telegram

Сыйлау деген -
Құрдай жорғалау емес.

Ілмектер: сый, құрмет, жорғалау
WhatsApp Telegram