Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Ілмектер: Қазақ, ел, бостандық, азаттық Ғабит Мүсірепов
Біз жарты ғасыр бойында бастық не айтса, соны мақұлдап келеміз. Осының өзі ойлану-ойлау дегенді өсіру орнына өшіре бермес пе екен? Әй, солай ететін болар...
Ілмектер: ойлану Ғабит Мүсірепов
Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
Ілмектер: Қазақ елі, тіршілік, Қазақ Ғабит Мүсірепов
Адам ойының портретін жүзінен көруге болады.
Ілмектер: адам, ой Ғабит Мүсірепов
Ақын заман: бір күндік те емес, бүгіндік те емес. Оның кешегісі – бүгіндік, бүгінгісі – ертеңдік.
Ілмектер: ақын, заман Ғабит Мүсірепов
Бағалай білмеген адам бақытқа жетпейді,
Ілмектер: Бақыт Белгісіз
Армандай білмеген адам мұратқа жетпейді.
Неге тірі кезінде жанымызда жүрген жандарды бағаламасқа? Ол о дүниелік болғанда оны жақсы көреміз деп жылағанымыз, ол тірі болғанда айтпаған сөзімізді өлгенде айтқанымыздан не пайда? Тірі кезде жақсы көрейік, бағалайық жанымызда жүрген адамдарды
Ілмектер: шынайылық Аяджан Майя
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ілмектер: ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм Ғафу Қайырбеков
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы.
Мұғалімнің ең жауапты міндеті – ол адамды қалыптастыру.
Ілмектер: мұғалім, нақыл, афоризм Дмитрий Менделеев
Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.
Ілмектер: Дәрігер, тәрбиеші, нақыл, афоризм Жүсіпбек Аймауытов
Барлық дене қимылдарының ішінде — күлкі ең келістісі, ол ас қорытуға, қан айналымына қолайлы әсер етіп, барлық ағзалардағы өмірлік күшке серпін береді.
Ілмектер: күлкі, дене, Өмір Кристоф Вильгельм
Кітап оқу дегеніміз — басқа адамдардың ойларының көмегімен өзіндік ойларыңды тудыру.
Ілмектер: кітап оқу, ой, өзіндік ой Николай Рубакин
Әзілді түсіне білмеу — ақымақтың қасиеті.
Ілмектер: әзіл, ақымақ, түсінік Закани Убәйд
Ешкімге пайдасы тимеген адам ешкімнен де пайдалана алмайды.
Ілмектер: пайда, Қоғам, адам, адамгершілік Әбу Яъзи Мағриби
Шабытыңның соңынан ер, сонда әлем сізге кедергі болған жерден де есіктерді айқара ашады.
Ілмектер: кедергі, шабыт, жол, Сәттілік Джозеф Кэмпбелл
Туысқаным жат көріп жүрегімді жылатты, алыстағы танысым мейірім төгіп қуантты
Ілмектер: Нақыл сөз жүрек мұңы Аяджан Майя
Аллаға ризамын, қасымдағы адамдардын шынайы бет бейнесін танытқаны үшін!
Ілмектер: шындық туралы нақыл сөздер Аяджан Майя
Ақымақ адам қателессе, оны біреуге аударуға тырысады.
Ілмектер: Адам, нақыл, адамгершілік Бейсенбай Кенжебаев
Ақылды адам қателессе, оны өзі түзей бастайды.
Бəрін түсіну мақсат емес,
Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ
Біліп тұрып түсінбеу жақсы ат емес.
Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырамын деп, сынық қылатын да кез болады.
Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.
Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ахмет Байтұрсынұлы
Жақсы көрші болу дегеніміз - көршіге жәбір көрсетпеу және зияныңды тигізбеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар көршінің жәбіріне төзу, сабыр ету деген сөз.
Ілмектер: көрші, Қоғам, сабыр ету, зиян, адамгершілік Ариф Ривагари
Кездейсоқтықтың да себебі болады.
Ілмектер: Кездейсоқтық, себеп, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов
Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.
Ілмектер: білім, мінез, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
Алған ұмытар, берген ұмытпайды. Қазақстанның психологиялық халі: аз да болса алғанын ұмытпайды, мол болса да бергенін ұмытады. Кең қолтықтың бір ірілігі.
Ілмектер: нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
Ханға ақыл айтамын деп, Бұқар жырау қартайғанда қайыршының күнін кешті. Ақылың болса, ханға ақыл айтпа!
Ілмектер: хан, ақыл, қайыршы, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков
Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.
Ілмектер: тарих, ғылым, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов
Саясат безбеншісі - ел.
Ілмектер: саясат, ел, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев
Қит етсе болды, Америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.
Ілмектер: Америка, нақыл, салыстыру, афоризм Асқар Сүлейменов
Тақтан тайған адамның бағы таяды.
Ілмектер: тақ, бақ, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі