Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ілмектер: бақыт, дәулет, ер Асан қайғы

Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер - адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.

Ілмектер: ерлік, тарих, өнеге Виктор Гюго

Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып.

Ілмектер: достық, алдану Әл – Фараби

Миллиардерлер үшін жұмыс пен ләззат алудың еш айырмашылығы жоқ.

Ілмектер: жұмыс, ләззат Дональд Трамп

Тірі заттар көп, тек оларды сөйлете білу керек.

Ілмектер: зат, сөйлеу Габриэль Гарсиа Маркес

Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың.

Ілмектер: дәреже, ұстамдылық, тәрбие, өнеге Иүгінеки Ахмед

Адамдарды күлкілі күйінде көрген кезде ғана сіз оларды қатты жақсы көретініңізді сезінесіз.

Ілмектер: күй, күлкілі, жақсы көру Агата Кристи

Пайда, мақтан, әуесқой — шайтан ісі.

Ілмектер: шайтан ісі, пайда, абайдың нақыл сөздері Абай Құнанбайұлы

Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу.

Ілмектер: ерлік, сынақ, жеңіліс, рух Роберт Ингерсолл

Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл - қазақ тілін ғасырлар бойы қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рахмет!

Ілмектер: Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл, қазақ тілі, тіл Хасан Туфан

Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем, өте бай тілдердің бірі.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, түркі тілдері Йоханнес Бенцинг

Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл.

Ілмектер: қазақ тілі, түркі тілдері, тіл Платон Мелиоранский

Егер сіз өзіңіздің ашуыңызды ұстай алмасаңыз, ашуыңыз да сізді ұстай алмайды.

Ілмектер: ашу Стивен Кинг

Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.

Ілмектер: махаббат, күш, қуаныш, қайғы, бақыт Ілияс Есенберлин

Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай.

Ілмектер: бай, пақыр, кедей Шерхан Мұртаза

Ерлік дегеніміз - үрейді жирене жек көру. Ол бізге төнген қауіп-қатерлерді мансұқ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді.

Ілмектер: ерлік, қауіп Сенека

Кішіпейілдің - абыройы асар,
Тәкаппардың - құты қашар.

Ілмектер: кішіпейіл, абырой, тәкаппар, құт Иүгінеки Ахмед

Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.

Ілмектер: байлық, базар, ақша Әлихан Бөкейханов

Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі.

Ілмектер: ержүрек, шыншыл, отан, абырой Ромен Роллан

Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.


Ілмектер: дос, достық, адал Әл – Фараби