Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. Ілмектер: тәуелсіздік, жұрт, бостандық, теңдік, саясат, тарих Әлихан Бөкейханов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
Дұрыс
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын, Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын! — Міржақып Дулатұлы тәуелсіздік, алаш
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын! — Ахмет Байтұрсынұлы жұрт, бала
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары – гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. — Ахмет Байтұрсынұлы өлім, жұрт
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар. — Шал Құлекеұлы адам, өмір
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт. — Халел Досмұхамедұлы тіл, жұрт
Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. — Ахмет Байтұрсынұлы адам, іс
Бекарыс наренбай
Дұрыс