Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.

Ілмектер: мақсат Дени Дидро

Еріншекке есік те асу көрінер.
Жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Ілмектер: еріншек, жалқау Махмұд Қашқари

Қиындық көрмей байлық келмейді.

Ілмектер: қиындық, еңбек, байлық Саиф Сараи

Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ.

Ілмектер: байлық, үлес Ғабит Мүсірепов

Артықша туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар.

Ілмектер: азамат, халық Жамбыл Жабаев

Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық.

Ілмектер: жаман, пайдасыздық, керексіздік, артық Базар Оңдасұлы

Тіл мен жақтың көркі - сөз.

Ілмектер: тіл, сөз Иүгінеки Ахмед

Көп достардың арасында адал жандар аз.

Ілмектер: дос, адал Тит Макций Плавт

Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.

Ілмектер: күш, иман, дін, құдай Саиф Сараи

Құмарың - бір, ісің - көп болсын.

Ілмектер: құмар, еңбек, іс Шәкәрім Құдайбердіұлы

Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.

Ілмектер: байлық, өнер, шаруа, қазмет Әлихан Бөкейханов

Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады.

Ілмектер: кедей, кедейлік Ғабит Мүсірепов

Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.

Ілмектер: шебер Фридрих Шиллер

Пейілі кедей байдан сақта.

Ілмектер: пейіл, кедей Абай Құнанбайұлы

Көкейдегі ойды айқын түсіндіретін нәрсе — адамның еңбек әрекеті.

Ілмектер: ой, адам, еңбек Джон Локк

Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды.

Ілмектер: серт, ант, адам Жамбыл Жабаев

Қу қанжыға жүйріктен - қаба жалды берік артық,
Жылуы жоқ тымақтан - баса киген бөрік артық.

Ілмектер: пайдасыздық, керексіздік Базар Оңдасұлы

Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.

Ілмектер: іс, еңбек, оқу, адамгершілік Қаныш Сәтбаев

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

Ілмектер: білу, іс Иоганн Вольфганг фон Гёте