Базар Оңдасұлы нақыл сөздері

Базар Оңдасұлы нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Базар Оңдасұлы дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Өнбейтiн дауды өспейтiн жiгiт қуалар.

Ілмектер: дау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жігіт Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Мұсылманшылық кiмде жоқ
Тiлде бар да, дiлде жоқ.

Ілмектер: мұсылмандық, Мұсылман, тіл, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Базар жырау Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ.

Ілмектер: тіл, тіл туралы, Өмір Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Ханның бағы таярда -
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар;
Бидің бағы таярда -
Үлгілі сөзден айырылып,
Әркімнің мінін қазбалар;
Байдың бағы таярда -
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қоңсы қозғалар.

Ілмектер: қоғам, мемлекет, заман, бақ, бай, дұшпан Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Ұмсынған жерге жетпесе,
Қайтады ердің райы.
Мінер ат, киер киімге,
Мұқтаж болған жігіттің,
Шықпайды ешбір шырайы.

Ілмектер: жігіт, байлық, кедейлік Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Тіріде - жанға тыным жоқ, қызыл тілде - буын жоқ.

Ілмектер: тіл, жан Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Ділмәр боп жүр бұл күнде,
Дым білместің талайы.
Жоқтықтан қолы байланып,
Кеңеске басы кірмей жүр,
Жігіттің не бір сығайы.

Ілмектер: байлық, кедейлік, жігіт Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық.

Ілмектер: жаман, пайдасыздық, керексіздік, артық Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Қу қанжыға жүйріктен - қаба жалды берік артық,
Жылуы жоқ тымақтан - баса киген бөрік артық.

Ілмектер: пайдасыздық, керексіздік Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,
Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.

Ілмектер: сөз, жақсы, жаман Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,
Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

Ілмектер: жетім, дау, жігіт, жесір, пайдасыздық Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей.

Ілмектер: батырлық, ерлік, қайрат Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес.

Ілмектер: адам, өмір, жақсы, жаман Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей.

Ілмектер: жақсы, жаман Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

Ілмектер: әйел, ақыл Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.

Ілмектер: сөз, асыл сөз Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram