Күз
Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,
Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.
Достық болып оралады өзіме,
Өздеріңе жасап жүрген достығым.
Тұрды әлем нәрестенің тыңдап әнін,
Сәбилік бесігінде "іңгәладым".
Еңбектеп, одан кейін жар жағалап,
Төсінде тәй-тәй тұрдым бұл даланың.
Бұл заманның сыр-сипаты өзгерек,
Жазатын жыр, айтылатын сөз бөлек.
Жеңіл ойлап жүрген жандар жетеді,
Түп тамырын көретұғын көз керек.
Отыз беспен қош айтысқан кезде бұл,
Көңілімді мазалайды өзге жыр.
Мені біраз жерге апарып тастадың,
Еліктіріп, желіктіріп, жезде-өмір!..
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі