Жалған (1-нұсқа)
О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді, кім жетеді-ай.
О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді, кім жетеді-ай.
Ей, қалқа, дуанамын бір сені ойлап,
Жалғанда қызығыңа бар ма тоймақ-ау.
Ой, жалған, дүние-ай.
Десем де ойламаймын ойлатарсың,
Қарағым, айналайын, айнадағы,
Жақындық екеумізге пайда-дағы.
Тәуекел бір кездерде кездесерміз,
Жүре бер уағыдаңды байла-дағы.
Үйірі жалтыр құла көк аланың,
Жігітке жоқ пайдасы көп жаланың.
Теріс арқау жиырманың толқынында,
Бір жауы өсек-аяң бозбаланың.
Астымда мінген атым-ау,
Мінген атым-ай, ала құнан,
Жамал-ай,
Тимеді асыл достым-ау,
Ақылың бар бала едің аңлағанға,
Жүре жауап бересің арнағанда,
Жамал-ай.
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Алқызыл басында-ау, ала ноқта,
Айналайын, қарағым, еркем тоқта.
Кезең жерде-ау кез болған едің, Жамал,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?
Ұстағаным қолыма алтын қалам,
Еске түссе сөзіңіз, от боп жанам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!
Қызыл гүлдің бұлбұлсыз сәні жоғын,
Жіберем әнге салып қой жаймаменен-ай,
Қалып еді көңілің ғой, айнам, қайда менен,
Айсәулем-ай.
Сен айнамның айрылсам ар жағынан-ай,
Қосылып екеу-екеу ән салайық,
Тайкөкті жегіп шана қолға алайық.
Тайкөкті жегіп шана қолға алған соң,
Елдегі бір сұлуға көз салайық.
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам болар ма ексем жерге.
Намаздыгер намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай.
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі