Қайрақ
Өзіңнен, достым, түңілмей,
Жаныңа терең тез үңіл.
Дақпыртқа бекер жүгірмей,
Серпілсін деген сөзім бұл!...
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Ғали Орманов ілмегіндегі өлеңдердің 12-беті.
Ақынның күні тым қиын!
Толғатқан жанша ол бейне.
Толтырып ойға күнде үйін,
Толғанып азап көрмей ме?...
Бетіне тіктеп қарамай,
Сақтағам көңілін ағаның.
Танимын дереу баладай,
Тарынып шытса қабағын....
Тойыңда тұрмын, Сері-аға,
Толқытып ойлар кеудемді.
Түседі сəуле санама,
Толғансам ойлап сендерді....
Тұғиян жоқ деп айтпаймын
Тегінде біздің ол шалда.
Өзіме қарап байқаймын:
Қосылмас онша осалға......
Талғауым, маған көмек бер,
Толғанып өлең жазарда.
Қолымда дайын шелектер,
Барайын мен де базарға....
Былтыр да осы тауыңа
Еркелеп ем бір аунап.
Сондағыдай тағы да
Əсем гүлдер тұр қаулап....
Балалар мені бір кезде
Баласа кенет атаға,
Құлағым көнбей бұл сөзге,
Жорушы ем ылғи қатаға....
Жерімнің жиһаз жүгіндей
Жараса біткен тауларым.
Сазы бай, сұлу үніңдей
Сезілер орман, бауларың....
Көгілдір орман оранған
Қанықсың көзге шың мен құз.
Саялар тауып араңнан,
Сүйгемін сенде сұлу қыз....
Буда-буда кітапты
Боқшасына толтырған –
Бала маған қымбатты
Барын сала оқыған....
Бөктерлей тарттық Барлықты,
Шыңдарды қызық арбиған.
Қарық қып суға халықты,
Басына мəңгі қар жиған....
Көңілдің күйі келгенде,
Толғайсың тосын сыр қозғап.
Жарқырап жым-жырт бөлмеңде
Жанады дəйім жыр маздап....
Алдымнан жайып құшағын
Күтіп тұр əне, Ешкіөлмес.
Асығып мен де ұшамын,
Өкінер жандай келсем кеш....
Жолаушы жүрсек бір жаққа,
Жалығып жерді басқанға:
Жеткелі жедел жыраққа
Аламыз билет аспанға....
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі