Жалғызбын, сүйіктімін
жалғызбын , Сүйіктімін,
Күлемін жылайтын кезде,
мықтымын , Жаралымын
Ұмытамын кешiріп лезде.
жалғызбын , Сүйіктімін,
Күлемін жылайтын кезде,
мықтымын , Жаралымын
Ұмытамын кешiріп лезде.
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Ғашық болдым,мына сенің сүп-сүйкімді көзіңе
Ғашық болған қандай ғажап!,алай-дүлей ішімде.
Неге екені Аллаға аян қарай берем көркіңе
Жүзіңдегі күлкіңді мен аңсап салам есіме.
Сезімдерім саған ғана,
Жүрегімнің әні едің.
Арман болып таңдарымда,
Жұлдыз болып жанып едің.
Сағымдай бұлдырадың көктемгі таң,
Жарқ етіп, сөндің лезде - тұнжыр бір ән.
Көңілге кіргеніңмен көзге жатсың,
Сезімнің шырағын сен өзің жақтың.
Сен мені дос көрдің, мен болсам – үміт,
Көзімде от жанып, ішімде жыр үні шық.
Сен үшін күлкі – жай ғана сәт еді,
Мен үшін сол күлкі – мәңгілік тыныштық.
Замана тұр бөркiн алып ойланып,
Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып?
...Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң
Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,
Сен сүйгенмен, ол сүймесе - шараң не?
Махаббат ол — қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Сусын қылар үмітін шөлдегенде
Осы жерге перзентпіз сен де,
Мен де!
Барлығын да сүйемін,
Сен мені дос көрдің, мен болсам – үміт,
Көзімде от жанып, ішімде жыр үні шық.
Сен үшін күлкі – жай ғана сәт еді,
Мен үшін сол күлкі – мәңгілік тыныштық.
Жүрекке нұр боп қонған бір ару,
Сезімі шын, жанымды тербеді.
Сөзсіз сүйіп, үнсіз ғана аңсаймын,
Сыр жырымды соған ғана арнаймын.
Сенсіз ай - жарық түнде, мұңға кеткен.
Жұлдыздар да жылағандай үнсіз көктен.
Сағынышпен сарғайған бар ғұмырым,
Сенсіз өткен түндерге азап шеккен.
Бір де саған ызам келіп, бір де саған кектенем,
Бір де сүйіп, сағынамын, қалқып ұшам көкте мен.
Эй, тойымсыз жүрегіме, айтып баршы мынаны,
Ол жолықпай қалған болса, онсыз жалғыз нестер ем?
Бәлкім сол бір жыңғыл болып, калар медім өспеген,
Сен арқылы қамшыланып, сен арқылы өзгерем!
Бағым жанбай, жолым болмай жолықпасаң сен маған.
Бала іспетті жүрер медім, тұсауын да кеспеген!
Иә, білем, мен сондаймын, бір де бие, бір де түйе.
Қызғанамын, болғандайсың жаныма шипа, өзің ие.
Көп нәрсеге дайын едім, ай, сұрықсыз өмір-ай,
Сезімімді айғақтайтын болып кетті - сөз ғана-ай!
Бізге шектеулі келген екен, бірге өткізген уақыт тым,
Бізге сиректеу берген екен, нағыз дәмін бақыттың,
Арманыңды алма-кезек орындаушы ем әттең-ай,
Тек бір сәті келсе екен, мен аңсаған уақыттың!
Өмір - бір жігітке берді нән байлықты,
Сол үшін сұлу қызды жүгіртіп сай қыпты.
Біздей қарапайым жігіттерді не қылсын,
Аппақ термен, санап жүрген айлықты,
Ақырын жүріп, анық басқан байыпты.
Иә, жігіттер, бүгін ашсың, ертең тоқ,
Сені ешкім ақшаң жоқ деп сөккен жоқ.
Бай, хандардың баласына қарама,
Олар сенің азабыңды шеккен жоқ!
Ал сен ұмтылшы арманыңа секілді оқ!
Қабырғаңды қайыспасын түн айға,
Сүйгеніңе гүл, алтын алмасаң, мұңайма!
Сүйген қызың, ақшаңа да қарамас,
Сүйсе сенен жоқ затыңды сұрай ма?
Сүйгенді сүй, сүймегенге ешқашан да жалынба!
Байлықсыз құр тіршілікті көріппін,
Түгің жоқта жолықпайды көріктің
Бізге қыздың назарының түспеуі,
Жоқ болғаны әкеміз де көліктің,
Көлік түгіл жоқ болғаны әкенің…
Шын бақытын сүйіп тапқан бұл ғалам да,
Махаббат дертінен мен де қапы қалам ба?
Мен де бәлкім ғашық пенде шығармын,
Бұл әлем де теңдесі жоқ сұлу адамға!
Ай туады, бұлт көшеді Көктөбе де,
Махаббат бұл ескертпейді келер де,
Жүректегі саған арналған сезімім,
Тасып тұрмақ, сыймай жатса өлем бе?
Бір қуаныш, бір қайғысыз кетпейді,
Саған ғашық мендей азап шекпейді,
Шын махаббат көрсетейін дегенде,
Өзгелердің көзқарасы шектейді.
Сағы сынған қашқын жандай күйдемін,
Қап бұл жолы да түбегейлі күйредім.
Жұрт алдында жалғыз қалып қалғандай,
Сөз де түйе, ал ісім де түймемін.
Бұл махаббат бір жанға арналмайды,
Бұл махаббат орнына қойған айды,
Сондай күшті шексіз мына сезімде,
Жүректі сан мың рет жаралайды!
Бұл махаббат арналады анаңа,
Анаң үшін ыстық сезім жанама?
Бұл махаббат арналады мүмкін жарыңа,
Сезімді қалай сыйдырам санама?
Дүңк-дүңк етіп соғып тұр мендік жүрек,
Бұл жүрек жақындарға болған тірек,
Бұл жүрексіз ешқандай өмір болмас,
Махаббаттың шыңына шыққан сирек!
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі