Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (68) Жоспарлар (1)

Құстар туралы тақпақтар

құстар туралы тақпақтар ілмегіндегі өлеңдердің 2-беті.

құстар туралы тақпақтар ілмегі бойынша осы бетте 24 өлең көрсетіліп тұр (барлығы 68 өлең). Бет: 2 / 3

Әупілдек

Әупілдеді әупілдек,
Ойлап қалдым дәу піл деп.
Оның дауысын есітіп,
Күшігім тұр шәңкілдеп....

Толық оқу

Бірқазан

Көл түбінде бір қазан,
Ішінде оның мың сазан.
Сол қазаннан балықты
Алып жейді бірқазан....

Толық оқу

Шүрегей

Құстар қонған бірегей,
Көлдің беті кілегей.
Сүңгіп кетсе көзіне
Шалынбайды шүрегей....

Толық оқу

Шағала

Көл жанында, жағада
Қалықтайды шағала.
Тың төсінде, далада
Шарықтайды шағала....

Толық оқу

Жарқанат

Қараңғыда жүреміз
Қолымызбен қармалап.
Саспайтынын білеміз
Ұшса түнде жарқанат....

Толық оқу

Пингвин

Қара шапан, ақ көйлек,
Бойларына шақ көйлек.
Бір көргенде ойлайсың,
Қанаттары жоқ қой деп....

Толық оқу

Үкі

Тостағандай екі көзі,
Құстан ерек бір мінезі,
Күндіз көзге көрінбейді,
Түнде ұшады жалғыз өзі....

Толық оқу

Қарға

Әппақ қарға қап-қара
Қарға қонса топтала,
Жұғып қалған күйедей
Кіршіксіз ақ мақтаға....

Толық оқу

Сауысқан

Жолатпайтын қасына,
Сақ құс болған жасынан,
Жемді жейді сауысқан
Жол бойында шашылған....

Толық оқу

Қоқиқаз

Қоқиланса қоқиқаз,
Болар ма екен қиқу аз?
Сирақтары шыбықтай,
Өзі, бірақ, соған мәз....

Толық оқу

Тоты құс

Кейбір құстың – аты құс,
Кейбір құстың – заты құс.
Тілдесетін кісімен
Жалғыз ғана тоты құс....

Толық оқу

Ақбауыр

Қанаты ұзын, бауыры ақ,
Қозғалғанда ауырлап,
Жұмыртқасын жасырып,
Жатыр жерде бауырлап....

Толық оқу

Кекілік

Сай-салада тарғыл тас,
Бір бірінен айнымас.
Тастан тасқа секіріп,
Ұшып-қонар кекілік....

Толық оқу

Тауыс

Қауырсыны әдемі,
Құйрығы да әдемі,
Құстың нағыз сұлуы
Болудан ол дәмелі....

Толық оқу

Бұлбұл

Бұлбұл қайда қонса да,
Кетер жайнап бау іші,
Өзі титтей болса да,
Қандай әсем дауысы....

Толық оқу

Аққу

Кетпес елдің есінен
Құс базары –
Көл осы.
Сұңқылдайды төсінде...

Толық оқу

Шатырдағы көгершіндер

Шатырдағы көгершіндер,
Не де болса, көнерсіңдер.
Жақыңдаңдар мұржа жаққа,
Күн суытса – өлерсіңдер....

Толық оқу

Көгершін

Адамдардың досы боп,
Хат тасыған көгершін,
Бейбітшілік құсы боп,
Тағы айналып келерсің....

Толық оқу

Тоқылдақ

Ағаштарға жақындап,
Сөйлегендей тақылдап.
Тұмсығы бар қашаудай,
«Тоқ-тоқ!» – десе тоқылдақ....

Толық оқу

Бұлдырық

Бойы нәзік – қылдырық,
Шөлде жүрген бұлдырық.
Жасырынса тасаға,
Жатыр дейсің кім біліп?!...

Толық оқу

Дуадақ

Шетсіз-шексіз бұл алап,
Кекірейер дуадақ.
Қақпан құрып алмасаң,
Жете алмайсың қуалап....

Толық оқу

Сары шымшық

Шиқ-шиқ етер сары шымшық,
Жағында әппақ жүні бар.
Ұшып-қонса сары шымшық,
Теріп жер дән табылар....

Толық оқу

Ементұмсық

Орман ішін көлемді
Қоңыс қылған ол енді.
Ұя жасап тұмсықпен,
Паналайды еменді....

Толық оқу

Қарлығаш

Ұя жасау салтымыз,
Бұзылмайды қалпымыз,
Қарлығаш деп ат қойған
Қыздарына халқымыз....

Толық оқу