Көңілдің пойызы
Жүйіткіп барады,
Көңілдің пойызы,
Қуалап келемін,
Қашады ой ізі.
Қимастықтан көңілде туады аңыз,
Ауысқанда мезгілдер жұбанамыз.
Ақ қарымен балаша қауышсақ та,
Қыс біткенде ел болып қуанамыз.
Сарқылмаған санамда сары үміт,
Үміттің де кей кезде жары күдік.
Өткен күндер артында із қалдырар.
Ертеңгі күн жасырар барын бүгіп.
Сұрша бұлттар желкілдетсе жалауын,
Күн тығылып көрсетпейді танауын.
Сары күзге қарап қойып әйнектен,
Қаймақ қосқан ыстық кофе қалауым.
Сыбырлап қана сөйлейін,
Сезімнің сырын тыңдатып.
Жүрекке үнім жеткенде,
Дегізіп: "Осы шын бақыт!"
Келеді әлі, тағы да қаңтар, ақпан,
Аппақ дала, аппақ түн, атар ақ таң.
Ақ қанатын жайғанда ақ ұлпалар,
Аппақ сезім еседі әр тараптан.
Сезім сауыт тұрған кезде лық толып,
Қағазыма жатты жырдан шық қонып.
Терезенің ар жағында аппақ қар,
Қол бұлғайды дегендей-ақ шық, жолық!
Міне менің өскен ортам, ауылым,
Бармай кетсем сағынатын қауымым.
Тұрады онда ақ пейілді адамдар,
Сыйлайтұғын досын әрі бауырын.
Уа, данышпан, кемеңгер, ұлы адамым,
Ғылым-білім жұртыңа сұрағаның.
Ұрпақтарың орындап арманыңды,
Алды ма екен өмірден ұнағанын?
Біз үшін жаз жайып жапырақ,
Сылдырап ағады бұлақтар.
Сәнденіп құлпырса атырап,
Тамсана қараймыз шуаққа әр.
Күндері мен түндері жылжып ағып,
Уақыт деген дәл қазір бір жұмалық.
Дүйсенбі мен жексенбі арасында,
Босқа өткен сағатқа қынжылмадық.
Қас қарайып келеді, қас қарайып,
Жұрт тіршілік жасайды жасқа лайық.
Ғашық қызды іздейді ғашық жігіт,
Махаббат бар, жоқ онда басқа айып.
Түндерімді жалғайды бұла таңым,
Ұйқы көрмей кей түнді жылатамын.
Ой түбінде қалса да сынық кемем,
Сол түнімді ерекше ұнатамын.
Ертеректе болыпты бір жас жігіт,
Тілі ащы кететіндей тасты үгіп.
Бірде әкесі шақырыпты баласын,
Бұл мінезін түземекке бас тігіп.
Мекендеген даналықтың ауылын,
Бұл фәниде адамзаттың жауы кім?
Ертеректе болыпты бір қарт ұстаз,
Шәкірттермен толықтырған бауырын.
Ұясына күн кіргенде ұялып,
Естілді ме ең əуезді күй анық?
Көктің жүзін түнде жұлдыз жапқанда,
Отырдың ба мені еске жиі алып?
Иланам да өмірдің шын сөзіне,
Күнді өзгеге қиямын, түн өзіме.
Кір шалғанда көңілді жуып алып,
Таң атқанда кептірем күн көзіне.
Жер бетіне нұр шашқан Күн киелі,
Жарық Ай да қараңғы түнді иеді.
Көріп тұрып көзіммен қуанамын,
Мынау ғажап, жап-жарық дүниені.
Үндемейсің, үндемеймін, үнсізбіз,
Көңілдерде тоғысады мұңсыз күз.
Түйсінсек те іштегі бір алауды,
Үшеуміз де тіл қатпаймыз түн, сіз, біз.
Жаз жұпары келгендей қыраттардан,
Кəусарына қандырған бұлақтардан.
Жүз адамға сəлемді бергеніңмен,
Ақылыңа көнбейді бірақ, талғам!
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі