Тағдыр
Жадымнан шықпай жарлы күндерім,
Жабықсам, жылап жолығар.
Қайран да қайран тағдырым менің,
Қалың да қалың соры бар.
Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға,
Гүл де мәңгі жайқалмайды сан қырда.
Студенттік шақты еске алып сағындық,
Алматыда жауып өткен жаңбырда.
Болды, бітті бәрі енді,
Көтер қане сен еңсеңді.
Тік қарап күтіп алғың,
Берген сыйын тағдырдың.
Тағдыр деген алпауыт бар жеңбейтін,
Ұшуға да , қонуға да жол бермейтін.
Ойыңды жүзеге асырмайтын,
Алдыға да , артқа да жібермейтін.
Жарқырап Күнім, жадырап күліп тұрғаны,
Ерігендей ме жүректің ызғар мұздары.
Түн болып Айым аспанда қалқып шығады
Ашатын жүрек құпиялары мен сырлары.
Дұрыс қой сенің кетіп қалғаның,
Мендегі бұлдыр Әлемнен!
Кембағал еді, кетік-ті арманым,
Сен келмей тұрып, әуелден…
Өлең болам өмірдің өрнегіне,
Сезім мұңым соңымнан ермеді ме?
Айналамды қоршаған сұрақ белгі,
Айналдым ба тағдырдың ермегіне?
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі