Оңашадағы ой
Жатқам жоқ жапан далада,
Жатырмын ауруханада.
Дүние қандай тып-тыныш,
Келген жоқ қатын, бала да.
Жатқам жоқ жапан далада,
Жатырмын ауруханада.
Дүние қандай тып-тыныш,
Келген жоқ қатын, бала да.
Кеттің-дағы ауылға,
Қалғандаймын далада.
Жат секілді бауыр да,
Қатын менен бала да.
Бірге туған болғанмен,
Бірге жүрмек жоқ деген.
Адам қанша толғанмен,
Бар арманға жетпеген.
Сәл көрмесем өзіңді,
Көңілді бұлт торлайды.
Тұншықтырып сезімді,
Бір ауырлық орнайды.
Тұңғиыққа сен мені
Тастап кеттің деп ұқтым.
Бір қызықты көргелі
Бастап кеттің деп ұқтым,
Мен сені көрген сәттен сүйіп едім,
Отыңа көбелек боп күйіп едім.
Сен маған аса ғажап ару болып,
Басымды біржолата иіп едім.
Көрем сені – тұрғандай елжіреп күн,
Жаның жайсаң, жандарға кең жүрексің.
Бірде мұңлы, бірде шат көңілдісің,
Ең бастысы – өзіңе сенімдісің.
Сені күттім, ұзақ күттім,
Зор үмітпен шыдап күттім.
Тәңір маған қарайласты,
Көктем болып арай шашты.
Бірімізді-біріміз білмесек те,
Батыл кірдің үйіме бір кезекте.
Құлай тыңдап сөзіңді мен де бірден,
Тарта бердің өзіңе ер көңілмен.
Елестейді сенің бейнең жұмбақты,
Арасынан түнгі жанған оттардың.
Саябырлап қала жолы ырғақты,
Жаныма жай бір рахат боп қалдың.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Жиі-жиі соқпашы.
Ырғағыңды үнемі,
Бір қалыпты сақташы.
Күмістен кірпігің,
Қыс көркі, – өткен күн.
Өңің тұр құлпырып –
Белгісі көктемнің.
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі