Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (58) Өлеңдер (98) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (480) Ұлағатты сөздер (877)

Алтын адам

Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған.

Толық

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Толық

Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы

Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі — ол баяғы.

Толық

Әке

Әке саған көп нәрсе айталмай тұншығамын ,
Арасында келеді , ішімнен үн шығарғым.
Әке , айрылды ұлын бүгін қос жанардан,
Әке сен де айрылдын , Береке кірген босағаннан

Толық

Шығамын тірі болсам адам болып

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Толық

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,

Толық

Адам — мәңгілік

Бұл жалғаннан
Басқаным кейде шоқ болды.
Бұл жалғаннан
Құшқаным кейде от болды.

Толық

Бағаналы терек

Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші.

Толық

Адамның айтқан сөзі ауыр екен

Адамның айтқан сөзі ауыр екен,
Көңілге қанжар болып тиген сәттен.
Сөз сүйектен өтетін қару болса,
Сау сүйегім сырқырап, сында-ау әттең…

Толық

Іс мәнді

Өмір деген, өтеді байқалмай-ақ, қас-қағым,
Ілесіп үлгермесем де ештеңе істей алмадым,
Әй, нәгөй өмір маған қара, мені тыңда,
Құлатсаң да тұрып көштің соңынан қалмадым!

Толық

Қызық қандай адамды қыздыратын

Қызық қандай адамды қыздыратын,
Қайғы қандай қаныңды бұздыратын.
Қанды кек, намысты өштік неден тумақ,
Жібітпей жүрегіңді мұз қылатын.

Толық

Заман жыры

Бізді заман емес, адамдар өзгертеді,
Солай-солай заманға дақ келтіреді,
Бірімізге-біріміз жау болып,
Өмірді солай босына өткізеді!

Түбінде бәрі-бір жаман іс жарып шығады,
Ұрлық ісі өзіне де керек емес болып қалады,
Жасырын жасап-ап неге өзін сынға алады?
Жарып шыққанымен ол қоймай, махшарда сауал болады,

Қасыңды аш, қабағыңа қар жаумай,
Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай,
Өзіңді ұлы ұстар мінезді қой,
Тәкәппарланып жұмағыңнан айырылмай!

Білмей жатып білем деме ешқашан,
Әйтпесе өтірікпен күнә аласың әрқашан,
Пысық болам деп, артықпенен арам жеп,
Сұрау болат! Өзіңді алдауды тоқтатасың сен қашан?

Толық

Бір адамға

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Толық

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.

Толық

Датым бар

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Болашақ ұрпақтарға ғибратты ой айтқалы,
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,
Айтуға датым көп ой қозғағалы.

Толық