Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (18) Жоспарлар (7) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (66)

Жолдар

Жолдар,жолдар...Шұбап жатыр ақырын,
Бірі жақын, бірі алыс, шақырым...
Бір жол бізге жақындатып алысты,
Бір жол бізден алыстатқан жақынын..

Толық

Адамгершілік

Дүниеге келеміз ғой пәк болып,
Күнәға бату адамгершілікке жат қылық.
Жақсы жаққа өзгерейік бауырлар,
Жаман қасиетті тастайықшы лақтырып.

Толық

Жүрегім дүрс соғады..

Алаш ұлы ақиқатқа сөз берген,
Қуаныш пен қиындықты көз көрген.
Жүрегім дүрс соғады, дүрс соғады,
Ойланамын бұл қоғамды өзгерген.

Толық

Адамгершілік

Адамзаттың қыры адамгершілік
Ғаламаттың иесі берген енші қып
Адамдықтың тәрбиесін анықтар
Жұмсақ мінез сабырлық пен кеңшілік

Толық

Адамгершілік

Білім – ғылым жақсылыққа бастаған,
Ар – ожданың адамдықтан аспаған.
Ақыл-сана аз да болса толар деп
Әр күн сайын жан кітабын жастанам.

Толық

"Бір адам бар"

Бір адам бар жақсылықты қалайтын,
Бір адам бар пенделерді алдайтын.
Бір адамның шырайында күлкі жоқ,
Бір адам бар жүректерді баурайтын.

Толық

ЕЙ, АДАМДАР!

Ей, адамдар!
Асықпайық, кіналауға бірімізді-біріміз,
Бәрімізде періште емес, жаратқанның құлымыз.
Ең әуелі, біз өзіміз кішіпейіл болайық,

Толық

Үзбе үмітіңді

Ешқашан үмітіңді үзбе,
Құқығың бар құлап, түзелуге.
Қадамыңды аңдап бас,
Ешкімге енді сенбе.

Толық

Түрлі мінез адам бар

Жолықтырдым түрлі мінез адамды,
Түзу басқан, шалт басқан да қадамды.
Менменсініп, мұрнын көкке шүйіріп,
Жүретін бар кейін іске күйініп.

Толық

Түрлі мінез адам бар

Жанарлар бар жадырайтын өмірден,
Қарақат көз күн сыйлайтын көңілге.
Өткір жанар, көз қиығын салғанда,
Жаңбыр болар, тұман болар жалғанда.

Толық

Армандай білесіз бе?

Армандай білетін адам бар ма екен арамызда?
Қиялды шарықтатып, арманды асқақтатып барамыз ба?
“Ой, қойшы, армандайтындай кішкентай баламыз ба?”
Деме қалқам, біліп қой, шектеу тек біздің санамызда!

Толық

Қиын өлең адамдықтың

Жибили болса егер де,
Кәсіби қылып арқалан,
Арзу қылып түлетте,
Хасилден ешкім қалмаған!

Тәркі дүние қылмашы,
Хирсты адам болмашы!
Хәһами хәуалы сен болсаң,
Һәуас қой ол шынында.

Арзу рия сен қылсаң,
Шархы болат соңында,
Адамгершілікті сен болсаң,
Надир ғой ол расында!

Саниғ шафғат, сәхәрімен,
Уа әммәлзина амәну,
Әкелет ол ғафур, уадид, разақпен,
Махшар ғиззат – хұрмет болсаң расында!

Толық

Жан достармен

Ақ қағаз бен көк қаламды мен алдым,
Көңілдегі сырларымды мен жаздым,
Шатырдың төбесіне шығып-ап, биіктерге,
Достарыммен өткен қызықтарды толғадым!

Жаза-жаза өлеңді тізесін шығарып тастадық,
Дос қыздармен ойнап сындырып оларды біз алдық.
Егер үйде комп пен пест ойнап жалықсақ,
Дос, құрдастармен тентектікті бастадық!

Біз ешқашан ештеңеден қашпадық,
Қиындық туса оған мойымай саспадық,
Ішіміз пысса, бірақта олай болмаған,
Егер болса жағаласып тастадық!

Алайда біз әдептіктен аспадық,
Адамгершілікті әрдайым сақтадық,
Қымыз халал масаяамыз деп ойлап,
Бір күнде бес литрін ішіп тастадық!

Толық

Сүйіспеншілікті көрсете біл

Сүйіспеншілікпен берген суда тәтті,
Бисмиллямен бастаған істе сәтті!
Құдайы қонақ әр адамға сый көрсеткен,
Екі өмірде несібесі болады көпті!

Сыйла адамды, жақсы болсын, жаман болсын,
Құрмет көрсет көпті болсын, кемді болсын!
Әр тіршілік иесіне өз мейіріміңді көрсетіп,
Берілген сауабы әрқашанда қабыл болсын!

Бақытты болуға әр адамың әр адамың лайық!
Әр адамның таңдауы өзінде ғой ол анық!
Егер шынайы сүйіспеншілігіңді көрсетсең,
Сауап пен еселеніп қайтары осы нық!

Басқалар жаман болса, жаман болсын,
Басқалар ессіз болса, ессіз болсын,
Оның таңдауы бөлең, жолы бөлек,
Сондықтан да жақсы таңдау өзіңнен болсын!

Толық

Жүректегі мейірім пиғылы

Қалайша осы күнге дейін бәрін байқамадым,
Заман емес, адамдар құртқандығын,
Алайда адамдағы жылулықты мен аңсадым,
Аңғармаппын жүректегі шоқ, қара тасқа айналғанын!

Қайта жақсаң, жанама екен ей, шырақтық?
Итте болса мейірім беріп қарап бақтық,
Түбінде саған жау боп, маған шапты,
Қадірін білмеген неткен жаман ех, жарықтық!

Сол үшін де жүрегің қарайды ма?
Мейірім іздеп жүрегің жылайды ма?
Бес күндік мына өмірге зорға келген,
Көңілді, Иманды, Адамгершілікті болу тым қиын ба?

Жаман болса өзіне, өзің үшін жауап бер,
Осы сөзім жүрегің де болсын шер,
Бұл өмірде жақсылыққа сауапсыз, Жамандыққа қалмайды жауапсыз!

Толық

Датым бар

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Болашақ ұрпақтарға ғибратты ой айтқалы,
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,
Айтуға датым көп ой қозғағалы.

Адам деген бір пенде ойланбаған,
Қолда бар асылтасты сыйламаған,
Рахым етпеген үшін оны Аллам,
Бағанағы асылтасты қайтып алған!

Не ұқсын надан байғұс құр тамақтан,
Құр сандалып жүруден әуарадтан,
Гауһарды тас екен деп лақтырған соң,
Не деуге болады құр ақымақтан?!

Ерінсе өмір адамның ісі өнбес,
Құралы мен талантты да оған көнбес,
Атасынан қалған байлығына масаттанып, ол да бітет,
Ешбір адам уақыттың елшісіне ешкім қарсы келмес!

Толық