Абай қойдық атыңды
Айналайын, Абайым,
Атқан таңым –
Арайым,
Абай қойдық атыңды,
О, ағайын, ағайын,
Домбырамды қағайын.
Ұлы тойдың тұсында
Тау суындай ағайын.
Мен жазбаймын өлеңді түйілгеннен,
Уытты сөз шығады күйінгеннен.
Қыран бүркіт секілді қайқаң етіп,
Шарықтаймын шағымда күйім келген.
Әм жабықтым, әм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Абай , Абай бəрінен биік екен ,
Мен оның өлеңдерін сүйіп өтем
Биік ғой өлмейтін ешқашан да !
Сөздерін жаныма түйіп өтем !
Қалам алып, өлең жазу ойымда
Бір қуат бар көрінбеген бойымда
Шабытым кеп, жыр жазуға бекіндім
Ұлы тұлға Абай атам жайында
Абай , Абай бəрінен биік екен ,
Мен оның өлеңдерін сүйіп өтем
Биік ғой өлмейтін ешқашан да !
Сөздерін жаныма түйіп өтем !
Абай деген — қазағымның данасы
Абай деген — ақылдылар ағасы
Абай атам ең керемет ақын ғой
Қазаққа ғана бұйырған бір дарасы.
Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек,
Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл таппақ.
Тағдырын көрушінің хақтан біліп,
Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап.
Абайды да таяқтатып ұрғызған,
Біржанның да аяқ-қолын буғызған,
Жаны ызғар, зәрге толы көкірек,
Қорқады ғой жарқыраған жұлдыздан.
Алашым деп арман-мұң, қиял әнім,
Абай аға, ақ қағаз сияладым.
Жарлы емеспін, зарлымын мен де сендей,
Ұлтым деуге жат жұрттан ұяламын.
Тас болып тұрсың.
Өтеміз күнде осы арадан.
Өзіңнен басқа таппаймыз мұңдасар адам.
Абай ағамыз!
Ақын болу Абай болу емес тек,
Ол – мұрамыз, мұрат емес теңеспек.
Мұрамызды сақтай алсақ мұнтаздай,
Абай – тірі.
Ой мұңын емген, қайғыны жеңген қайырымсыз,
Кейпіңіз адам, адамға бірақ айбынсыз.
Ақындық деген адамдар үшін жаралған,
Жаралғаннан соң ақиқат үшін айнусыз.
Абайдың өлеңімен мақтанамын,
Шығармасын оқып шаттанамын.
Киелі, қасиетті жерде туған,
Шығысым, Абайым деп мақтанамын.
Қайран Абай, сендейсіз жесір өлең.
Кереметіңді кеш білсем, кешір, ием.
Ұлылығын тұлғаңның ұққан сайын
Мен түскі көлеңкедей кішірейем.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі