Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (38)

Мықты болсаң

Мықты болсаң қолдайды жанашырдай,
Құлап кетсең жоғалар, жаны ашымай.
Екі жүзді адамның бұл өмірде,
Бетпердемен кетеді бағы ашылмай!

Толық

Анама

Жаратқаннан, Кейін бізді жаратқан.
Құндылықты бойымызға таратқан.
Сіздей адам таппаспын мен іздесем,
Өмірімнің кірпіштерін қалатқан.

Толық

Ауылға оралу

Үстінде ауырдың,
Жүрсемде ауырдым.
Сағынып келемін,
Ауасын ауылдың.

Толық

Күз қызымын

Өмір неге салады өктем көзін?
Мәңгі қатар жүреді от пен төзім.
Күздің қызы деді де көрінбейді,
Неге маған қимайды көктем өзін

Толық

Смартфондағы сезім

Смарфоннан көріп әсем бейненді,
Асау жүрек әлденеше күйге енді.
Бұрындары түсінбеушем қызық деп,
Телефоның аржағыннан сүйгенді.

Толық

Әке

Әке сенің бөлек қой дара тұлғаң,
Мен өзіндей алыптан жаратылғам.
Тәртібін мен тәрбиене қанық болып,
Қуат алып келемін қанатыңнан.

Толық

Бір-ақ ғана

Көңілсіз қарсы алумен таң шапағын,
Өзінсіз өткізіп ем қаншама күн.
Сағынғаным соншалық жарығым-ау,
Есіміңді атаудан шаршамадым.

Толық

Қызқұмар жігіттерге

Қызығасың көп қызды жағалайсың,
Көрінгенді бағым деп бағалайсың.
Жұлдыздарға арбалып жүре берсең,
Жалғыз айды ешқашан таба алмайсың.

Толық

Серт

Қыз едім көп нәрседен қорықпайтын,
Жағымсыз жамандыққа жолықпайтын.
Тағдыр маған қабағын түйіп алып,
Неге өгей санап жүр соны ұқпаймын!

Толық

Кешірші күнім

Жүрегіме жүрегің берсінші тыным,
"Иә" деу үшін қурады нешенші гүлің?
Әлемнің махаббатын жиып алсанда,
Сүйем дей алмаймын кешірші күнім.

Толық

Өмір кезеңдері

Алла саған өмірді бергеннен соң,
Адам болып дүниеге келгеннен соң.
Уақытың жүгірумен кетед(і) екен,
Мына күйбен тірлікке енгеннен соң.

Толық

Түсінші әке!

Бір Аллаға әрқашан табынамын,
Орамалды сондықтан тағынамын.
"Қызым менің құлыным" дегеніңді,
Қатты-қатты әкешім сағынамын.

Толық

Сені ұқсатамын

Керек емес сезім деп оттайтынмын,
Өз-өзімді жоғалттым, ұқпай тұрмын.
Мен сені миыма ұқсатамын,
Мәңгілік басымнан шықпай тұғын.

Толық

Нағыз ақын

Бір-бірінен асырып жыр жазатын,
Таланттылар қазақта болсада мың.
Халық бірақ бәрінен биік қояр,
Таулардан жаратылған-Мұзбалағын.

Толық

Жалқаулық

Не істеп жүрмін, неғылған адам едім?
Өз-өзімді аяймын жаман жерім.
Қолды сілтеп жатамын айға қарап,
Бір талайға жетседе шамам менің.

Толық

Анашыма

Менің анам ақкөңіл алтын адам,
Қолда болса ешкімнен тартынбаған.
Қашан көрсем ақылын айтып жүрер,
Бір мінезін көрмеппін жалпы жаман.

Толық

Біздің сезім

Сенде мені түсінбей,
Менде сені түсінбей,
Күліп-ойнап қуанып
Күн өте ме күрсінбей?!

Толық

"Үнсіздікті ұнату"

Табиғаттан жан едім салқын қанды,
Ұнатамын үнсіз қап, тартынғанды.
Жүректегі сезімді тұншықтырып,
Алыстатып аламын жақын жанды..

Толық