Міржақып Дулатов
Міржақыптың кезі келді көктейтін,
Басқалардың сөзі мүлде өтпейтін.
Жүрегінен қан тамшылап тұрса да,
Ешқашан да халқын тастап кетпейтін.
Міржақыптың кезі келді көктейтін,
Басқалардың сөзі мүлде өтпейтін.
Жүрегінен қан тамшылап тұрса да,
Ешқашан да халқын тастап кетпейтін.
Жүрегім ақылымнан таяқталды,
Мәңгілік махаббат та саяқ болды.
Екі жылға созылған бұл хикаят,
Екі сағат ішінде аяқталды.
Бұл әлемде керектінің бәрі бар,
Еңбек етсең іздегенің табылар.
Жүрер болсаң тек адалдық жолында,
Бақытыңның шырағы да жағылар.
Іздеме мені көктен де,
Қарама артқа,өткенге,
Оралмас қайтып бұл көктем,
Жасыңды көл ғып төксең де,
Ай осы менің мінезім!
Әлі келем сол мінезбен,күресіп,
Ол да қоймай,жағаласып,тіресіп,
Кейде жұмсақ,кейде қатып,сіресіп,
«Ақынмын» деп тарсылдатар кеудесін,
Мені жұртым, мейлі, «ақын» демесін.
Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң
Кешіріңдер, Мұқағали емеспін.
Байланып ғаламның торына,
Жығылдық желінің жолына.
Сайттың түр түрін оқимыз,
Кітапты оқудың орнына.
Менің жаным сыр шертетін тек қана ақ параққа
Сен келдің де өмірімді алыстаттың мұңдардан
Үйреттің сен кешіруді, сүрінбеуді сынаққа
Жүрегіме ала келдің өзіңменен ізгі арман...
Басыңды қара жерден көтер қазақ!
Болғаның шет елдерге жетер мазақ.
Бойыңды тіктемесең жігерленіп,
Басыңнан өмір бойы кетер ме азап!
Дауыл дастан, көшкін эпос, сең аңыз,
Сен жырау бол, ол ақын да, мен абыз.
Самғау керек тоқтағанша жүректер,
Самғау керек қиылғанша венамыз.
Мұң аққандай аспанда әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.
Бар әлем ұйқысынан оянады таң біліп,
Нұрың шашып айналаға күн күліп,
Балалар бар еш уайымсыз ойнап жүгіріп
Анасы бал бөбегін баураған тәтті қылық
Ақ бас шыңнан басталған айна бұлақ,
Ақ моншағын шашады сайдан құлап.
Зәмзәм суын татсамда таңдайыма,
Ташысындай дәл сенің қайда, бірақ?
Бірлігіміз жүрсе екен тарқамай
Шыңдарында болар едік сан талай
Болашақтың кілті мына біздерде
Биіктерде болар едік сан талай
Ғасыр өтіп барады, ғасыр өтіп,
Дариядай көктемгі тасып өтіп,
Жылдар қашты даланың киігіндей,
Соңына көз моншағын шашып өтіп.
Мұқағали- поэзияның патшасы,
Ілініп тұр ол жайында естеліктер тақтасы.
Жатқан жерің жайлы болсын жыр атам,
Ашық болсын бір өзіңе жәннәтімнің қақпасы.
Ауыл халқы қашаннан бірлік еткен,
Татуласып шынайы тірлік еткен.
Бірлік пенен тірлікті жоғары ұстап,
Елдігімнің салт-дəстүрін сыйлап өткен.
- Пьер Тейяр де Шарден
- Пьер Тейяр де Шарден
- Пьер Тейяр де Шарден
- Пьер Тейяр де Шарден
Барлық авторлар