Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (496)

Әліпби

Тілім, неткен жалтақ едің, жалтақ едің,
Жалтақ едің жəне де талтақ едің.
Қандай едің əріпке сыймайтындай,
Біреулерге қолайсыз жантақ едің.

Толық

Тастанды бала

Көзімді аштым, саулаған жаңбыр, бұлтты аспан,
Жатырмын аяқ астында – жолда жұрт басқан.
Суық бетонның ызғары тесіп кеудемді,
Тұншықтым желге есінен әбден алжасқан.

Толық

Мен оралам!

Жайық, әсем көзіңнен, кең қаладан,
Ғайып болып, әзірге, мен жоғалам.
Бірақ, бәрі...
Барлығы өзгергесін.

Толық

Сөніп барамын...

Көбейген сайын ақтардан қара
Көңілде кілең сақталған нала
Талғамыңды мен құрметтеп едім
Жаншылып барып,тапталғанда да

Толық

АЛЛА берген сый!!!

Саған бір ғана өмір берілді.
АЛЛА оны саған сыйға тартты.
Бірақ, ол затпен қалай ойнайды?
Ешкім білмейді.

Толық

Түкпірінде түпсіз терең көңілдің...

Түкпірінде түпсіз терең көңілдің
Сыр бар еді әлі ешкімге ашпаған.
Өмір – теңіз бетін жүр ем кезумен,
Аралдайын адам аяқ баспаған.

Толық

Жүрегімнің астындағы періштем

Ендігәрі өкінбеймін мүлде деп,
Тағдырыммен сөз байласып, келіскем.
Оған себеп – сенсің, ботам, бірден бір,
Оған жалғыз куә да өзің – періштем.

Толық

Арудың сыры

Жастығыма жетерліктей күн кештім,
Өз сырымды өзім айтсам, сенбес кім?..
Өткен күннің өшпес өртін, жарқыным,
Тырысқанмен, өшіре алмас енді ешкім.

Толық

Екі ғасыр үндеуі

Аттан Алаш ел болмақ,
Ел болмаққа жер болмақ,
Шу Таластың арасын,
Созақ деген қаласын,

Толық

Желтоқсан — Тәуелсіздік

Қаншалықты қысса дағы езілмейміз
Барша қиын кезеңдерге төзім дейміз
Желтоқсанның оқиғасын білсек те біз
Ешқашан жүрекпенен сезінбейміз

Толық

Болашақ жарыма хат

Ой, жаным!
Білмен, кейін қала ма бұл есіңде:
Тек шатты күн тұрмайды үлесіңде.
Жүзім-сезім — шарасыз.

Толық

Гүл алып

Гүл алып,
Келемін гүл алып.
Жай ғана. Білмеймін себебін.
Қарсы алсаң болды сен қуанып,

Толық

Тәуелсіздік - тәңір сыйы, тәтті күн!

Тұмылдырықтан тұмсықты алып тыныстап,
Кеуде тіктеп, қос қолымызға ту ұстап.
Еркіндік деген еңселі таңды атырып,
Бейбіт өмірге нық қадам бастық дұрыстап.

Толық

Тәуелсіздік – ел тұғыры!

Тәуелсіздік еліміздің тұғыры,
Мәңгілікке жайнай берші күн нұры.
Азаттық пен біз биікке самғаған,
Ұлы елміз еркіндікті қалаған.

Толық

Сергелдең

Кешегіден бүгінгі күн бөлек тым,
Мен шынымен адамдардан бөлекпін.
Мен біреумін арманына сенбейтін,
Қалауымен жүре алмаймын жүректің.

Толық

Жамандар

Алып ғаламнан аласапыран,
Жарық іздейді адамдар,
Сəулені көрсе сығалап тұрған,
Қара бұлт іздер надандар.

Толық

Жалғыздықтан шаршады қара басым

Жалғыздықтан шаршады қара басым,
Жалғызсырау білсем де жарамасын.
Күдіктене беремін барлығынан
Дос болуға мен, сірә, жарамаспын.

Толық

Кінәләңдар...

Кінәләңдар, керек болса кінәлі,
Оңды солды үйіңдер кеп кінәні.
"Жазықсызбын" -дей алмаймын себебі,
Алла алдында күәһармын күнәлі.

Толық

Сіз-қызанақ, мен-қияр...

Сіз-қызанақ, мен-қияр...егілдік жерге құнарсыз
Бейнемнің көріп бүдірін, ұялып күннен тұрарсыз
Бойымнан сарқып бар нəрін, құйдым кеп тамырыңызға
Біз емес ұялмаңызшы... қараңғы мынау түн арсыз

Толық

Мен - әйелмін

...Мен - әйелмін...
Жылап та тұрып күле алам,
Құлап та жатып жүре алама.
Мен - әйелмін өйткені

Толық