Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (52) Өлеңдер (32) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (32)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Бақ" туралы Мақал-мәтелдер

"Бақ" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Бақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұлт көтерілсе, бағбан бағын ойлайды.

Ілмектер: бұлт, бағбан, бақ
WhatsApp Telegram

Болымсызға бақ қонса,
Сол күні жоғалтады.

Ілмектер: бақ
WhatsApp Telegram

Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.

Ілмектер: бақ, гүл, ашылу, жабылу
WhatsApp Telegram

Бақсыз балықшы телегей-теңізден де балық ұстай алмайды.

Ілмектер: бақ, балықшы, теңіз, балық
WhatsApp Telegram

Бақ-дәулетке мақтанба.

Ілмектер: бақ, дәулет, мақтану
WhatsApp Telegram

Бақ тіліңді, ойлағаның саз болар,
Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.

Ілмектер: бақ, мән, сөз
WhatsApp Telegram

Бақ тайса, батырлық пұшайман жейді.

Ілмектер: бақ, батырлық
WhatsApp Telegram

Бақ пен дәулет көшпелі.

Ілмектер: бақ, дәулет
WhatsApp Telegram

Бақ келсе, бәрі келеді.

Ілмектер: бақ
WhatsApp Telegram

Бай қараса, бақ қарайды.

Ілмектер: бай, бақ
WhatsApp Telegram

Базарға барып бағың сына.

Ілмектер: базар, бақ
WhatsApp Telegram

Бағы ашылған адам бәріне де ұнайды.

Ілмектер: бақ, адам, ұнату
WhatsApp Telegram

Қарттар сөзі бекер кетпейді,
Шыбық ексең – бақ үзілмейді.

Ілмектер: қарт, сөз, бақ, шыбық
WhatsApp Telegram

Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді.

Ілмектер: бақыт, бақ, дәулет, бас
WhatsApp Telegram

Ауыздағы тіл –
Бас сақтайтын құл.

Ілмектер: тіл, құл, парсы мақалы, бақ
WhatsApp Telegram

Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

Ілмектер: Бірлік, ынтымақ, байлық, бақ
WhatsApp Telegram

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.

Ілмектер: бақ, дәулет, еңбек
WhatsApp Telegram

Бақ кейде тауып, кейде ауып қонады.

Ілмектер: бақ
WhatsApp Telegram

Таудай қалау бергенше, бармақтай бақ берсін.

Ілмектер: қалау, бақ
WhatsApp Telegram

Бабы келіскен істің бағы жанады.

Ілмектер: іс, бақ, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram