Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (43) Өлеңдер (62) Жоспарлар (17) Мақал-мәтелдер (62) Ұлағатты сөздер (63)

"Достық" туралы Мақал-мәтелдер

"Достық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Достық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Достық, дос туралы мақал-мәтелдер:

Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.

Жаман достан мың сақтан.

Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Ілмектер: Достық, дос, достық туралы мақал-мәтелдер, достық туралы мақал-мәтел, мақал-мәтелдер
WhatsApp Telegram

Әкімнің достығына сеніп болмайды.

Ілмектер: әкім, достық
WhatsApp Telegram

Пілбанмен дос болсаң,
Пілге лайық жай сал.

Ілмектер: піл, достық, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Достыққа өштік жараспас.

Ілмектер: достық, өш, араб халық мақалы
WhatsApp Telegram

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Ілмектер: дос, сыр, достық, дұшпан, өтірік
WhatsApp Telegram

Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.

Ілмектер: құрдас, дос, достық, бота, ынтымақ, татулық
WhatsApp Telegram

Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, дос, достық, сауап, обал
WhatsApp Telegram

Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: дос, достық, жан, кеме
WhatsApp Telegram

Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.

Ілмектер: дос, достық, көңіл
WhatsApp Telegram

Досқа ат берме,
Ат берсең, жай жүр деме.

Ілмектер: дос, достық, ат
WhatsApp Telegram

Ет бергендей досың болсын,
Жер бергендей қосың болсын.

Ілмектер: дос, достық
WhatsApp Telegram

Жолдасың соқыр болса,
Бір көзіңді қысып отыр.

Ілмектер: жолдас, дос, достық
WhatsApp Telegram

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малың бер.
Көре-көре сүйінсін;
Жаман көреген досыңа,
Жаман көрген малың бер,
Көре-көре күйінсін.

Ілмектер: дос, достық
WhatsApp Telegram

Досқа келсең босқа келме.

Ілмектер: дос, достық
WhatsApp Telegram

Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Ілмектер: дұшпан, дос, достық
WhatsApp Telegram

Кісімен дос болма, дос болсаң,
Қимасына көңіл салма.

Ілмектер: дос, достық
WhatsApp Telegram

Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, жолдас, дос, достық, қиянат
WhatsApp Telegram

Соймасымды соямын,
Сүйгенімнің көңілі үшін.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, достық
WhatsApp Telegram

Дос, досқа зыянкер емес,
Зыянкер болса, дос емес.

Ілмектер: дос, достық
WhatsApp Telegram