Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ой" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ой" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.
Ілмектер: Жел, сөз, жер, ой
Атаның баласының ат төбеліндей ой белгісі болсын.
Ілмектер: ата, бала, ой
Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Ілмектер: ата, ана, шеше, бата, қарғыс, зейін, ой
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.
Ақылы жоқтар азады,
Ілмектер: ақыл, ой, озбыр, тозу
Ойы озбырлар тозады.
Ақыл-ой мен білім — әр адамның сәулеті.
Ілмектер: ақыл, ой, білім, сәулет
Ақылды істі асығып ойланбайды,
Ілмектер: ақылды, асығу, ой, ішек, майлану
Ішегің көп жүгірсең майланбайды.
Ақылды ой ойлағанша,
Ілмектер: ақылды, ой, тентек, іс
Тентек ісін бітірер.
Ақкөңіл — адам ойының тазасы,
Ілмектер: парасат, білім, ақкөңіл, ой, әділ
Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін.
Адамнан тілеген ариды,
Ілмектер: адам, тілеу, ой
Құдайдан тілеген тариды.
Есті кісі әр істі ойменен таниды.
Сөздің таяғына ойдың шалы сүрінер.
Ілмектер: моңғол халқының мақалы, ой, сөз
Кісінің көркі - жүз,
Ілмектер: тіл, сөз, көрік, ой
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Адам ойға тоймайды,
Ілмектер: адам, ой, қой, қасқыр, бөрі, қырғыз мақалы
Бөрі қойға тоймайды.
Соқырдың ойы «Көзі бар көп асайды».
Ілмектер: соқыр, көз, ой, парсы мақалы
Әркімнің ойы – атағы,
Ілмектер: ой, сақал, парсы мақалы
Көсенің ойы – сақалы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі