"сөз" Мақал-мәтелдер
Бұл бөлімде "сөз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
Ілмектер:
ауру, сөз, шаншу
Сөзді сөз түртеді.
Ілмектер:
сөз
Өтірік сөз өрге баспас.
Ілмектер:
өтірік, сөз
Саудың асын ішіп,
Аурудың сөзін сөйлейді.
Ілмектер:
ауру, сөз
Құр сөз қоңылтақ етік,
Жүрсең аяғыңды қажайды,
Отырсаң тобығыңа батады.
Ілмектер:
сөз, етік
Екпіндінің өзі де екпінді, сөзі де екпінді.
Ілмектер:
екпін, еңбек, сөз
Халық сөзі қаһарлы.
Ілмектер:
халық, сөз
Жақсы сөзге жан семіреді.
Ілмектер:
жақсы, сөз
Ердің екі сөйлегені – өлгені.
Ілмектер:
ер, сөз
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
Ілмектер:
көз, сөз
Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
Ілмектер:
өтірік, шындық, сөз
Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.
Ілмектер:
ақыл, сөз, көз
Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.
Ілмектер:
сөз, тіл, ақыл
Ауыздан шыққан сөз алыстар.
Ілмектер:
ауыз, сөз
Біреудің атан көтермес бөзі бар,
Біреудің ат көтермес сөзі бар.
Ілмектер:
сөз
Сөзі — олақ,
Ойы — шолақ.
Ілмектер:
сөз, ой
Халық ауызына
Қақпақ қойып болмас.
Ілмектер:
халық, сөз, ауыз
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі