Сөз — Мақал-мәтелдер жинағы - 17-бет
Бұл бөлімде "сөз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
Ілмектер:
сөз, асық, ата, тіл
Қайғылы сөз
Қаза үстінде туады.
Қаһарлы сөз
Жаза үстінде туады.
Ілмектер:
сөз, жаза, қаза, тіл
Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.
Ілмектер:
сөз, тіл, өлім
Қол, аяғы бар кісі —
Жүк көтергіш нар кісі.
Тілі, сөзі бар кісі,
Жазасызға жар кісі.
Ілмектер:
тіл, сөз
Сәлемі жараспағанның —
Сөзі де жанаспайды.
Ілмектер:
сөз, тіл
Қағынған ауыздан
Ұшынған сөз шығады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.
Ілмектер:
көр, сөз, тіл
Аяқ — тұлпар,
Сөз — сұңқар.
Ілмектер:
сөз, тіл
Шынайы сөз, не күйінгенде шығады,
Не сүйінгенде шығады.
Ілмектер:
сөз
Жолыңа жуа бітсін,
Сөзіңе дуа бітсін.
Ілмектер:
сөз
Жері жуалының
Сөзі дуалы.
Ілмектер:
жер, сөз, тіл
Шешілмеген шиені,
Тырнақ шешпес,тіл шешер.
Ілмектер:
тіл, сөз
Көре-көре көсем болады
Сөйлей-сөйлей шешен болады.
Ілмектер:
көсем, шешен, сөз, тіл
Сылбыр сөзін — сүйретіп айтады,
Содыр сөзін — күйретіп айтады,
Сыпайы сөзін — ширатып айтады.
Ілмектер:
сөз
Жетесізге айтқан сөз,
Желмен бірге кетеді.
Ілмектер:
сөз, тіл
Сөйлеген — себеді,
Тыңдаған — орады.
Ілмектер:
сөз, тіл
Жақтырмаған
Жүре сөйлеседі.
Жарамсақтанған
Күле сөйлеседі.
Ілмектер:
сөз, тіл
Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.
Ілмектер:
ақын, сөз, тіл
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі