Ақыл — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет
Бұл бөлімде "ақыл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Әркімнің өз ақылы кемел көрінеді.
Ілмектер:
ақыл, кемел
Әрбір адам ақылды бола бермейді,
Жат пен жақын бірдей бола бермейді.
Ілмектер:
ақыл, жат, жақын
Әлем билеу үшін зерде тірек қой,
Ел билеуге керек ақыл, жүрек, ой.
Ілмектер:
әлем, ақыл, билік, жүрек, ел
Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.
Ілмектер:
ашу, ақыл, көп
Асыққан — ақылдының ісі емес,
Жүгіргеннің ішегі көгермейді.
Ілмектер:
асығу, жүгіру, ақыл
Алпыстан асқан атаңнан ақыл сұрама.
Ілмектер:
Алпыс, ақыл, ата
Ақылы болса, аяулы болады,
Білігі болса, бектікке таласады.
Ілмектер:
ақыл, аяулы, бектік
Ақылы азған адам өзін-өзі отқа тастайды.
Ілмектер:
ақыл, азу, от
Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.
Ілмектер:
ақыл, пайда
Ақылменен көп елді қаратып алуға болады.
Ілмектер:
ақыл, көп, ел
Ақыл-кеңес тыңдамаған адам
Әрдайым машақатқа түседі.
Ілмектер:
ақыл, кеңес, машақат
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі