Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (7) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Еріншек — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "еріншек" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.

Ілмектер: ақыл, еріншек
WhatsApp Telegram

Жабайы шөп егінді аздырар,
Еріншектік ерді аздырар.

Ілмектер: еріншек, еріншектік
WhatsApp Telegram

Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.

Ілмектер: адам, еріншек
WhatsApp Telegram

Не еріншек өлер,
Не келіншек өлер.

Ілмектер: еріншек, келіншек
WhatsApp Telegram

Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.

Ілмектер: еріншек
WhatsApp Telegram

Еріншекке есік пен төр —
Екі күндік жер.

Ілмектер: еріншек
WhatsApp Telegram

Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.

Ілмектер: еріншек, жігіт, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Еріншектің егіні піспес.

Ілмектер: еріншек
WhatsApp Telegram

Ертең-ертең деумен,
Еріншек өлер.
Көрінгенге жем болып
Көңілшек өлер.

Ілмектер: еріншек, көңілшек
WhatsApp Telegram

Есті бір өледі,
Еріншек мың өледі.

Ілмектер: еріншек, еңбек
WhatsApp Telegram

Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озады.

Ілмектер: егіншілік, еріншек
WhatsApp Telegram