Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (11) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (19)

"жолдас" туралы Мақал-мәтелдер

"жолдас" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жолдас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, жолдас, дос, достық, қиянат
WhatsApp Telegram

Жолдастың мыңын алма, бірін ал.

Ілмектер: жолдас, дос
WhatsApp Telegram

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, туған
WhatsApp Telegram

Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.

Ілмектер: жол, жолдас, ұят
WhatsApp Telegram

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Ілмектер: жолдас, дос, жау, өлім, ер, ерлік, батырлық
WhatsApp Telegram

Қазаға - сабыр жолдас.

Ілмектер: қаза, сабыр, жолдас
WhatsApp Telegram

Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.

Ілмектер: көңіл, жолдас, құрдас
WhatsApp Telegram

Рақат пен қайғы жолдас.

Ілмектер: рақат, қайғы, жолдас
WhatsApp Telegram

Жігіттің жайын
Жолдасына қарап жоры.

Ілмектер: жолдас
WhatsApp Telegram

Жора, жолдас не керек,
Жауға бірге шаппаса,
Арғымақ мініп не керек,
Жабыдан озып артпаса.

Ілмектер: жолдас
WhatsApp Telegram

Алыс жолға шығар болсаң,
Алдымен жолдасыңды сайла,
Жаудың алдын алар болсаң,
Алдымен қолбасыңды сайла.

Ілмектер: жолдас, жау
WhatsApp Telegram

Шын жолдас сөзге берік —
Ерге серік.

Ілмектер: жолдас
WhatsApp Telegram

Қасқырда қас қылмайды жолдасына.

Ілмектер: жолдас
WhatsApp Telegram

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Ілмектер: жолдас, кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жаман жолдас жауға алдырар,
Жаман би дауға алдырар.

Ілмектер: жолдас
WhatsApp Telegram

Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.

Ілмектер: жолдас, жау
WhatsApp Telegram

Керенау жігітке
Кесепет жолдас кез болар.

Ілмектер: жолдас, жігіт
WhatsApp Telegram

Жолдас болсаң қуға
Басыңды салар дуға.

Ілмектер: жолдас, қу
WhatsApp Telegram

Дос — ажарың,
Жолдас — базарың.

Ілмектер: дос, жолдас
WhatsApp Telegram