Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (43) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (1)

"туған" туралы Мақал-мәтелдер

"туған" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "туған" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Жаныңды қинасаң,
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.

Ілмектер: ерлік, туған, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Ақылы елден артылған,
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.

Ілмектер: туған, туыс, жақын, мақтан, ағайын
WhatsApp Telegram

Өткелім саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісім мақұл деме
Ағайынға салып, ойлат.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Төркіні тентек келіннің
Тілі ұзын
Төркіні момын келіннің
Жібі ұзын.

Ілмектер: төркін, келін, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Алтыда тісім түсті,
Алпыста ағайынға ісім түсті.

Ілмектер: ағайын, туыс, туған
WhatsApp Telegram

Жаман туыстан
Жақсы таныс артық.

Ілмектер: туыс, аныс, туған, жаман, жақсы
WhatsApp Telegram

Ағайыныңман алыстан сыйлас.

Ілмектер: ағайын, туыс, туған
WhatsApp Telegram

Үш ағайынды жігіттің
Отарда малы бар.
Екі ағайынды жігіттің
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің
Шығар-шықпас жаны бар.

Ілмектер: ағайын, жігіт, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.

Ілмектер: ұл, келін, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Күнде келсе, күйеу жаман,
Жымысқы болса, жиен жаман.

Ілмектер: туыс, туған, күйеу, жиен
WhatsApp Telegram

Бір көрген — біліс,
Екі көрген — таныс.

Ілмектер: туған, ағайын, таныс
WhatsApp Telegram

От басында ұйтқы болмаса,
Үй ішінде түрткі түлейді.

Ілмектер: үй, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Бірге тумақ бар да,
Бірге өлмек жоқ.

Ілмектер: туған, ағайын, туыс
WhatsApp Telegram

Адассаң, руыңмен адас.

Ілмектер: туған, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Бір күндік тойдың
Мың күндік өкпесі бар.

Ілмектер: той, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Ағайын барыңда
Аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Қалыңдығың сиықсыз болса,
Қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?

Ілмектер: туған, туыс
WhatsApp Telegram

Балалығыңды сағынсаң,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайныңа бар.

Ілмектер: туған, туыс, нағашы, жігіт, бала, қайны
WhatsApp Telegram

Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Ілмектер: ауыл, бауыр, туған, туыс
WhatsApp Telegram

Туғаныңмен туыспасаң
Кең дүниеге сыйыспайсың.

Ілмектер: туған, туыс
WhatsApp Telegram