Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (26) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (60)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"өтірік" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"өтірік" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "өтірік" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.

Ілмектер: құс, жол, өтірік, сөз
WhatsApp Telegram

Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.

Ілмектер: өтірік, өтірікші, ұрлықшы, жан, мал
WhatsApp Telegram

Өтірік сөз өрге баспас.

Ілмектер: өтірік, сөз
WhatsApp Telegram

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?

Ілмектер: шындық, өтірік, әке, өлім
WhatsApp Telegram

Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.

Ілмектер: өтірік, шындық, сөз
WhatsApp Telegram

Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.

Ілмектер: қатын, өтірік
WhatsApp Telegram

Жұрт өтірік айтпайды,
Жоқ өтірік айтады.

Ілмектер: жұрт, өтірік
WhatsApp Telegram

Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.

Ілмектер: өтірік, шындық, норвегия халқының мақалы
WhatsApp Telegram

Өтірікті — шындай,
Ақсақты — тыңдай.

Ілмектер: өтірік, шын
WhatsApp Telegram

Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерде өзі жоқ.

Ілмектер: өтірік, дос
WhatsApp Telegram

Жыртық үйді жел табар
Өтірік сөзді шын табар.

Ілмектер: өтірік, шын
WhatsApp Telegram

Таң атпайын десе де
Күн қоймайды.
Өтірікті қуалап
Шын қоймайды.

Ілмектер: шын, өтірік
WhatsApp Telegram

Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.

Ілмектер: өтірік
WhatsApp Telegram

Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
Әділет деген аға бар,
Дұшпанның қолын қағады.

Ілмектер: өтірік, әділет
WhatsApp Telegram

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Ілмектер: өтірік
WhatsApp Telegram

Өтірік сөз — жанғақас,
Өткір пышақ – қынға қас.

Ілмектер: өтірік, сөз
WhatsApp Telegram

Ер өтірік айтпайды,
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.

Ілмектер: өтірік, ел, ер
WhatsApp Telegram

Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.

Ілмектер: ел, ер, өтірік
WhatsApp Telegram

Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді ел табар.

Ілмектер: сөз, өтірік, ел
WhatsApp Telegram

Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.

Ілмектер: өтірік, шындық
WhatsApp Telegram