Ат — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет
Бұл бөлімде "Ат" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.
Ілмектер:
ат, аяқ, ақын, тіл
Ат аяған ат мінер,
Тон аяған тон киер.
Ілмектер:
ат, тон
Ат аунаған жерде түгі қалар.
Ілмектер:
ат, түк
Ат аспаннан, нұр пейіштен (ұжмақтан).
Ілмектер:
ат, аспан, нұр
Ат арытпай жол бітпейді.
Ілмектер:
ат, жол
Ат арыса тулақ,
Ер арыса әруақ.
Ілмектер:
ат, ер, әруақ
Асың барда ер таны беріп жүріп,
Атың барда жер таны желіп жүріп.
Ілмектер:
ас, тамақ, ер, ат, жер
Асыққан ісін бітірмес,
Ақылды ер атын жетермес.
Ілмектер:
асығу. ер, ат
Артқы айыл берік болса,
Атың тулап нетеді.
Ілмектер:
берік, ат
Арғымақ аттың белгісі —
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі —
Аз сөйлер де, көп тыңдар.
Ілмектер:
арғымақ, ат, жақсы, адам, тыңдау
Арғымақ ат арыса да, жабы болмас.
Ілмектер:
арғымақ, ат
Андыз болса, ат өлмес.
Ілмектер:
ат, өлім
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ілмектер:
алып, ана, бие, ат
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
Ілмектер:
Алла, құл, ұры, жалғыз, ат
Ақырын-ақырын мінсе болар тор атқа,
Ақырындап барып жетсе болар мұратқа.
Ілмектер:
ат, ақырын, мұрат
Ақымақ білмес атының арығанын,
Көсе білмес жасының қарығанын.
Ілмектер:
ақымақ, ат, көсе
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі