Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (31) Өлеңдер (25) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

"Ат" туралы Ұлағатты сөздер

"Ат" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Ат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жәнібек хан тағы бір әңгіме үстінде: — Бұл дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болмақ? — деп сұрайды. Сонда Жиренше шешен:

— Бұл дүниеде жүйрік аты, қыран құсы бар, өзі сұлу, мінезді қатыны, бес атар мылтығы бар жігіттің төрт құбыласы тең болады, ханым, — депті.

Ілмектер: дүние, ат, қыран құс, мінез, әйел, сұлулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Егер сендер дауыс беру арқылы бәрiн шешуге болады деп ойласаңдар, онда Афинаның бар иттерi атқа айналсын деп дауыс берiп көрiңдер.

Ілмектер: дауыс беру, ит, ат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
WhatsApp Telegram

Тайды күтiп мiнген адам, ат та мiнедi.

Ілмектер: тай, ат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір
WhatsApp Telegram

Маған аттар да, кемелер де керек емес. Оларға менің уақытым жоқ. Маған шеберхана керек!

Ілмектер: ат, кеме, уақыт, шеберхана Томас Эдисон
WhatsApp Telegram

Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: ат, қарға, нұр, көз, мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.

Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер
WhatsApp Telegram

Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,
Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.

Ілмектер: қасиет, сауыт, ат, жау Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі,
Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі,
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.

Ілмектер: ат, игі, су, бала, әке, ұл, жігер Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.

Ілмектер: ат, тек Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.

Ілмектер: ат, сын Жанақ Сағындықұлы
WhatsApp Telegram

Ат қасқасы ай болмас

Ілмектер: ат, ай Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Ат — биеден, алып — анадан.

Ілмектер: ат, ана, алып Жанақ Сағындықұлы
WhatsApp Telegram

Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Ілмектер: жетім, ат, құс, әйел Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.

Ілмектер: ат, пайда, айла, ер, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

Ілмектер: ат, адам, өлім Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы есім ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атай саламын.

Ілмектер: Apple, компания, ат Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.

Ілмектер: бала, ат, шал
WhatsApp Telegram

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.

Ілмектер: ат, жақсы, бала, әйел, қыз, иман, ырыс Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Ілмектер: мұғалім, ат, еңбек, маман Сәбит Мұқанов
WhatsApp Telegram