Ой — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет
Бұл бөлімде "ой" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Сөзі — олақ,
Ойы — шолақ.
Ілмектер:
сөз, ой
Ойнап айтса да ойындағысын айтады.
Ілмектер:
айту, ой
Көлді жел қозғайды,
Ойды сөз қозғайды.
Ілмектер:
ой
Күш-қуатым барда
Көшіп-қонып алайын,
Ақыл-есім барда,
Ойлап-толғап қалайын.
Ілмектер:
ақыл, ой
Көптің ойы — кемеңгер.
Ілмектер:
ой
Ұлы адамның ойында
Ұлы іс жүреді,
Ұлы зергер бойында
Алтын, күміс жүреді.
Ілмектер:
адам, ой
Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.
Ілмектер:
ой
Түйедей бойың болғанша,
Түймедей ойың болсын.
Ілмектер:
ой
Су түбіне жетпейсің
Бойлағанмен,
Ой түбіне жетпейсің
Ойлағанмен.
Ілмектер:
ой, су
Саналымен санаспа,
Санасызбен жанаспа.
Ілмектер:
сана, ой
Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды.
Ілмектер:
ой
Ой ойласаң, кең ойла,
Алды, артын тең ойла.
Ілмектер:
ой
Кең ойлаған,
Кем ойламас.
Ілмектер:
ой
Жақсының күнде
Бір ойы кеңиді;
Жаманның күнде
Бір ойы кемиді.
Ілмектер:
жақсы, жаман, ой
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Ілмектер:
тіл, ой
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ілмектер:
ана, бала, ой
Аштың ойы тамағында,
Жаяудың ойы табанында.
Ілмектер:
аш, ой, тамақ
Ақыл –дария,
Ой – теңіз.
Ілмектер:
ақыл, ой
Ақыл — арман, ой — өріс.
Ілмектер:
ақыл, ой
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі