Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (31) Өлеңдер (42) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (86) Ұлағатты сөздер (39) Әзіл, анекдоттар (1)

"Көз" туралы Мақал-мәтелдер

"Көз" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Көз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Көргеннен көз ақы алады.

Ілмектер: көз, ақыл
WhatsApp Telegram

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Ілмектер: көз, сөз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.

Ілмектер: ақыл, бас, көз, сөз
WhatsApp Telegram

Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі.

Ілмектер: көз, мейірім
WhatsApp Telegram

Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.

Ілмектер: көз, көңіл
WhatsApp Telegram

Көңіл - қазы, көз - таразы.

Ілмектер: көңіл, көз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.

Ілмектер: мешкей, ашқарақ, ынсап, пейіл, көз
WhatsApp Telegram

Қастағы сояу көзді аңдиды.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.

Ілмектер: көз, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.

Ілмектер: көз, сөз
WhatsApp Telegram

Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.

Ілмектер: ақыл, сөз, көз
WhatsApp Telegram

Көзі көрместің
Көңілі сезбес.

Ілмектер: көз, көңіл
WhatsApp Telegram

Жүректің сырын
Көздің нұрынан байқа!

Ілмектер: жүрек, сыр.нұр, көз
WhatsApp Telegram

Соқырдың тілегені екі көзі.

Ілмектер: соқыр, тілеу, көз
WhatsApp Telegram

Көз көрмей,
Көңіл сенбес.

Ілмектер: көз, көңіл
WhatsApp Telegram

Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.

Ілмектер: көз, көңіл
WhatsApp Telegram

Көзден кетсе, көңілден кетеді.

Ілмектер: көз, көңіл
WhatsApp Telegram

Құлақ есіткенді көз көреді.

Ілмектер: құлақ, көз, есту, көру
WhatsApp Telegram

Көзі қарайған там сүзер.

Ілмектер: көз, көрмеу
WhatsApp Telegram

Өзі жоқтың — көзі жоқ.

Ілмектер: көз
WhatsApp Telegram