Еңбек — Мақал-мәтелдер жинағы - 4-бет
Бұл бөлімде "еңбек" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ер еңбегіне бір түйсін.
Ілмектер:
ер, еңбек
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
Ілмектер:
бала, тәрбие, еңбек
Еңбек - ердің санаты,
Білім - ердің қанаты.
Ілмектер:
еңбек, білім, ер
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Ілмектер:
еңбек
Қолымен қосаяқ соқпайды,
Аузымен орақ орады.
Ілмектер:
ауыз, еңбек, кәсіп
Өгіздің отын оттап,
Бұзаудың орнына жатпа.
Ілмектер:
еңбек, өгіз, бұзау
Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.
Ілмектер:
іс, күш, еңбек
Еңбексіз ауырса, емі табылмайды,
Есалаң жетіссе, теңі табылмайды.
Ілмектер:
еңбек, ем
Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Ілмектер:
еңбек, өнер
Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.
Ілмектер:
тіл, еңбек, күш, іс
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі