Көз — Мақал-мәтелдер жинағы - 4-бет
Бұл бөлімде "Көз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көңіл қартаймас, көз қартаяр.
Ілмектер:
көңіл, көз
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
Ілмектер:
жылау, көз
Көргеннен көз ақы алады.
Ілмектер:
көз, ақыл
Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
Ілмектер:
ақыл, бас, көз, сөз
Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі.
Ілмектер:
көз, мейірім
Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.
Ілмектер:
көз, көңіл
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
Ілмектер:
көз, сөз
Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.
Ілмектер:
ақыл, сөз, көз
Көзі көрместің
Көңілі сезбес.
Ілмектер:
көз, көңіл
Көз көрмей,
Көңіл сенбес.
Ілмектер:
көз, көңіл
Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.
Ілмектер:
көз, көңіл
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
Ілмектер:
көз, көңіл
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі