Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (7)

"қатын" туралы Мақал-мәтелдер

"қатын" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қатын" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ұрының қатыны өзіне лайық.

Ілмектер: ұры, қатын
WhatsApp Telegram

Тазалығы қатынның
Тарағынан белгілі.
Батырлығы батырдың
Жарағынан белгілі.

Ілмектер: қатын, тазалық, батыр
WhatsApp Telegram

Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.

Ілмектер: үй, батыр, қатын
WhatsApp Telegram

Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.

Ілмектер: қатын, ханым, батыр, ер, ел
WhatsApp Telegram

Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.

Ілмектер: бай, батыр, қатын
WhatsApp Telegram

Ердің атын не аты шығарар,
Не қатыны шығарар.

Ілмектер: ер, қатын
WhatsApp Telegram

Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.

Ілмектер: қатын, отбасы, үйлену
WhatsApp Telegram

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Ілмектер: жаман, қатын, мақтану
WhatsApp Telegram

Азар болса, жақын жаман,
Шабан болса, атың жаман.
Шайпау болса, қатын жаман.

Ілмектер: жаман, қатын, отбасы
WhatsApp Telegram

Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.

Ілмектер: жаман, еркек, қатын, отбасы
WhatsApp Telegram

Сатарда атың жаман,
Ажырасарда қатын жаман.

Ілмектер: жаман, қатын
WhatsApp Telegram

Сараң қатын
Майын тығумен құртар.
Жаман қатын
Кірін сығумен жыртар.

Ілмектер: қатын, отбасы
WhatsApp Telegram

Қартая келгенде,
Қатын жақын болады.
Күшің басым болса,
Жатың жақын болады.

Ілмектер: қатын, отбасы
WhatsApp Telegram

Салақ қатынның етін құрт жейді,
Терісін ит жейді.

Ілмектер: қатын, салақ
WhatsApp Telegram

Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.

Ілмектер: үйлену, қатын
WhatsApp Telegram

Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.

Ілмектер: қатын, отбасы
WhatsApp Telegram

Қатыны би жігіттің
Қайын елі кәдірлі.

Ілмектер: қатын, жігіт, отбасы
WhatsApp Telegram

Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.

Ілмектер: қатын, отбасы
WhatsApp Telegram

Екі қатын алғаның —
Өзіңді отқа салғаның.

Ілмектер: қатын, үйлену
WhatsApp Telegram

Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер,
Су мен отын
Ошақ басында кездесер.

Ілмектер: қатын, отбасы
WhatsApp Telegram